Жұлдыз жорамал: Үміт те жақсы…

0
369

Түзеп, күзеп, кемшілікті, нұқсанды жөнге қойып, жөнсіз кеткен тұстарды игі іске құштарланса жаныңыз, именбеңіз барыңызды салыңыз. Істі түзеп, шаруаны оңдауға, беттегенде кезігерсіз қолдауға. Кедергі де қоймақ болар кейбіреу, қауқарлысыз орта жолда қалмауға.

Ойдағыдай өмір ағыны, өзі де тоқ, жұртқа да жағымды. Апта бойы жақсы жағдай, ауытқысыз ғажап сарынды. Жақын жандар қолдайды демеп, әріптестер құрметке бөлеп, куә болып сәттерге сирек, шат сезімдер көңілді кернеп…

Сілкініс беріп бойдағы қайрат-қуатқа, еңбекпен етті ауыртпай болмас бұл апта. Тіршілік — ағын үйіріп сізді әкетер, жатқанда тыныш жылы да, жайлы тұрақта… Дегенмен, бірақ әкете қоймас ұзаққа, бірер күн сірә, түспексіз «тосын сынаққа». Аптаның соңы алаңсыз күйге оралып, жатпақсыз үйде желіден іздеп жаңалық…

Сізге де сәттілік күлімдеп, жағдай түзелмек, жөнделмек. Жұмыста нәтиже білінбек, тұрмыс та тәп-тәуір өзгермек. Бастысы, ниетті түзеңіз, санадан күдікті күзеңіз. Сәттілік келгенде жарқ етіп, тұрмаңыз дірілдеп тізеңіз…

Мінеки, мимырт мезгіл тәмәмдалды. «Ойпырай, жоба-жоспар қараң қалды!», — дейсіз де жаудай тиіп, тыныштыққа, бастайсыз үлкен-үлкен қадамдарды. Болғанмен жігер жалын, сенім таудай, жеңіс жоқ белдер асып, асу алмай. Дегенмен, бағытты анық бағдарлаңыз, бойдағыны бекерге шашып алмай…

Үйреншікті істер басынан, табылмақсыз алдағы күндер. Ілгеріде іске асырған, айналсоқтап шаруаға бірер… Думанды кешке шақыру алып, демалыс күнге табылмақ ермек. Сол кеште бәлкім жолығып қалып, ықпалды адам ықылас бөлмек.

Күрделі кезең кейінде қалып, жан-тәнге қуат — демалыс алып, әр күнді енді өзіңізге арнап, сейілдеп кеште, қонаққа барып… Шалқыма күйде болмақсыз қазір, қалаулы жайдың бәрі бар, әзір. Мекенде ғажап тұрақтап осы, болмақсыз сіз де бақыттың досы…

Айдың, күннің аманында торықпай, көңіл-күйді жөндеңіз. Жан-дүниеңіз күңгірт ойдан айықпай, гүлденер ме іргеңіз?.. Сыншыл болмай жұртқа ылғи, үңіліңіз сырына. Есіміңіз емес, «қырғи», кім боласыз шынында?..

Жаныңызды баурамай жан-жағыңыз, бағаланбай лайықты салмағыңыз. Алып-ұшып көңіл де әлдеқайда, әйтеуір бір өзгеріс арманыңыз. Кінәмшіл көңіл күйдің дегеніне, көнсеңіз еріктісіз, берері не? «Сабыр түбі — сары алтын» деп баяғы, күш салыңыз, жаймендеп еленуге…

Үйде де және жұмыста, міндет көп сізге жүктелмек. Болмаса сіздей «құмырсқа», ештеңе жөнді істелмес. «Малданбан жалған мақтауға, түспеймін әсте таптауға». Дегендей оймен таяу күн, шықпақсыз толқу шақтарға…

Әзірге «күйкі тірлік» жалғасады, әзірге тыным алмас «шаруа табы». Сізге де мүмкін болмас, сірә-дағы, шаш етектен шаруадан қол босауы. Дейсіз-ау «тыныыстауға мұрша болмас!» Бейнеттен бел жазбауға сонша болмас! Демалыс жайын мүлдем ұмытпаңыз, дей бермей «жұмыстамыз, жұмыстамыз!..»

«Өзгеріп өмір бағыты, игілік өрбіп, көңілден шығып барысы, ой-сана сергіп…» Көктемге келе жатасыз, үмітпен тәтті, үмітпен алға басасыз, үміт те жақсы…

Дайындаған Ж.АЙМАҒАНБЕТОВА

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here