Ішімдік ішпеген, ереже бұзбаған адамдар да жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

0
984

Мамандар тұмау мен жөтелге қарсы дәрілердің құрамындағы кодеин, фенобарбитал сынды қоспалар ішімдік пен есірткінің аз мөлшерін болса да ағзада көрсетеді дейді. Жылдам сараптама жасайтын құрылғылар оны бірден анықтап береді екен. Сондықтан адамның ауруын жазған дәрі көлік жүргізу куәлігінен айыруы әбден мүмкін. Мұндай жағдай жиі кездесетін көрінеді. Мысалы дене қызуына, тамақ ауруына және тұмауға қарсы дәрілердің құрамында апиыннан алынатын кодеин, фенобарбитал сынды ауруды бәсеңдететін қоспалар бар. Оны тұрақты пайдаланған соң, адам ағзасы бір аптада толық тазарады.

«Әрине, дәрілердің құрамындағы кодеин, фенобарбитал сынды қоспалар ішімдік ішкен, есірткі пайдаланған адамдардың ағзасындағы мөлшерге қарағанда әлдеқайда төмен. Бірақ жылдам сараптама жасайтын құрылғылар дәрілердің де мөлшерін көрсетеді. Сондықтан толыққанды сараптамадан өту керек. Ол жерде уақыт шектеуі бар. Осындай даулы мәселеде бірден зертханалық сараптама жасатқан жөн»,- дейді Алматы қаласы сот сараптамалары институтының бөлім басшысы Дарья Скурихина.

Алайда адам ағзасындағы зиянды заттардың мөлшері сағат сайын азаятындықтан зертханалық сараптама уақыты да шектеулі. Ал көлік тізгіндеген азаматтардың көбі тек тыныштандыруға арналған дәрілік заттардан ғана хабардар екен.

sputniknews.kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here