Сырдария аудандық сотында мектеп лицей оқушыларымен кездесу өтті

0
153

Сырдария аудандық соты Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында кенттегі №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп лицейі оқушыларымен кездесу өткізді.

Іс-шараға сот төрағасы Р.Алдамбергенов, кеңсе меңгеруші Р.Сүлейменова, кеңсе қызметкерлері және 10 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі, «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Б.Жанәлі қатысты.

Кездесуді ашқан сот төрағасы Р.Алдамбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының сот жүйесіне қатысты бағыттарын түсіндірді.

Іс-шара барысында сот төрағасы Р.Алдамбергенов және кеңсе қызметкерлері қатысушыларға, ақпараттық технологиялардың сот жүйесіндегі соңғы мүмкіндіктері, оның ішінде «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап арыз, өтініш беру, сот істерін қарау кестесі, сот істерімен танысу бөлімдері туралы, сот жүйесін жаңғырту аясында тараптарға смартфонға жүктелген «TrueConf» қосымшасы көмегімен қашықтан сот отырысына келмей-ақ, бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік беретін SMART сот пилоттық жобаларын айтып, оның ішінде QR-код және Digital Agent секілді жаңашылдықтарға ерекше тоқталып өтті.

Сонымен қатар, сот төрағасы Р.Алдамбергенов оқушыларды «Сот төрелігінің жеті түйіні» пилоттық жобалары аясында сот жүйесі жұмысына енгізілген заманауи технологиялармен таныстырды. Оның ішінде аудандық сот ғимаратынан ашылған фронт-офис, медиация кабинеті, сонымен қатар, іске асырылып жатқан «Виртуалды сот», «Түнгі сот», «Отбасылық сот», «Әділ процесс», «Оңтайлы орта» пилоттық жобаларына тоқталып, түсіндірме беріп өтті. Сырдария ауданы бойынша Бесарық, Амангелді, Қоғалыкөл ауылдық округтерінің әкімшіліктеріне орнатылған бейне байланыстар арқылы сотта істерді виртуалды қарауға мүмкіндік барын, өзге елді мекендермен істердің «TrueConf» мобильді байланысы арқылы қаралып жатқанын атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауаптар алып, қызықты ақпаратқа толы кездесуді өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here