Коронавирус шыны зауытын кідіртеді?..

0
569

Шикізаттық емес секторды дамытуға, әсіресе экспортқа бағытталған өнімдерге басымдылық береміз. 2020 жылы жалпы құны 408 млрд. теңгеден асатын 10 ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде шыны зауыты да бар. Бұл күрделі жобаның өзіндік қиындықтары жеткілікті. Бірнеше рет құрылтайшылар арасында келіспеушіліктерге, мердігерлер өзгеруіне байланысты іске асырылуы кейінге шегеріліп келеді, — деген облыс әкімі, шыны зауыты жобасы бойынша бүгінде нақты атқарылған жұмыстар барысын баяндайтын бейнероликті жұртшылық назарына ұсынды.

«Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 215 адам жұмыс істеуде. Желтоқсан айында жоба серіктестері кездесіп, орын алған мәселелер тұрғысында шешімге келген. Құрылыс жұмыстары 1 кешен бойынша дайын өнім қоймасы 83%; 2 кешен бойынша алаңішілік темір жолдары 70%; 3 кешен бойынша негізгі цехтар 70%; 4 кешен бойынша алаңішілік инженерлік желілер 35%-ға орындалған. Қондырғыларды монтаждау жұмыстары құрама цехы бойынша 66%; күйдіру цехы

75%; кесу сызығы 25%; шыны пісіретін пеш 30%; азотты сутегі жүйесі 10% орындалған.  Барлық технологиялық қондырғылардың монтажы 23,6%-ды құрайды» деген мәліметтер берілді нақты жағдай туралы. Бұған қосымша жиынға қатысып отырған «ОрдаГласс» ЖШС директоры Ержан Сағынбаев: 

— Өткен жылдың қараша айында Үкімет басшысы Асқар Мамин мен құрылтайшымыз Ұлттық  Қытай компаниясының директоры кездесіп, зауытты 2020 жылы шілде айында іске қосу жөнінде келісімге келген. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарымен қатар қондырғыларды монтаждау жұмыстары толыққанды жүргізілуде. Қазіргі таңда Қазақстан — Қытай шекарасында орын алған жағдайларға байланысты бірқатар қиыншылықтар туындауы мүмкін. Себебі монтаждау жұмыстарын жүргізетін 170 қытай инженерлері қолдарында рұқсат визасы болса да елімізге келе алмай, зауыттағы жұмыстарына кірісе алмай отыр. Туындаған мәселелерді шешуге байланысты қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тиісті жұмыстар жүргізуде. Бұл мәселе уақытында шешім тапқан жағдайда зауытты шілде айында іске қосу жоспарлануда. Мәселе шешілмесе зауытты іске қосу созылуы мүмкін. Бұл жобаның Сыр еліне ғана емес, республика үшін маңыздылығын ескеріп, зауытты уақытында іске қосуға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз деп халық алдында сенім білдіремін, — дейді «Орда Гласс» ЖШС директоры.

Бұл мәліметке қарағанда шілдеде деп жоспарланған шыны зауыты ашылуы және кейін шегерілуі ғажап емес.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here