QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Сот кабинеті сервисінің тиімділігі

Автор:QAA.kz

Фев 19, 2020

«Сот кабинеті» — электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы электрондық құжат нысанында сотқа құжаттарды беру мүмкіндігін көздейтін бағдарлама болып табылады.

Қазіргі кезде бұл сот жүйесінің сот төрелігін жүзеге асырудың ашықтығы мен жариялылығын қаматамасыз етудің құралдарының бірі болып табылды.

Сонымен бірге, сотта жариялылықты заңсыз шектеу жағдайларына жол берілмейді және барлық мүдделі адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысы залына еркін кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет. «Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.

Осылайша, бүгінгі күні, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі енгізіліп, сот ісін жүргізуде қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдер пайдаланылып, ақпараттық технологиялар арқылы Қазақстан халқына көптеген ақпараттық қызметтер көрсетіліп, Республиканың сот жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігі және ашықтығын одан әрі арттыруға қажетті жағдайлар жасалды.

 Қорытындылай келе, жалпы кез-келген азамат бүгінгі күннің оңтайлы жетістіктерін іс жүзінде пайдаланудың тиімділігін білгені жөн деп санаймын.

Қызылорда қалалық №2 сотының бас маманы

Алтынбай Бақытжан Нұрболұлы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *