Гонконг вафлиін бірге әзірлейік

0
66

1950 жылдары гонконгтік кондитердің ойлап тапқан рецептісімен жасалған вафли бүгінде көптің сұранысына ие тағамдардың бірі. Аталған тәтті түрін әзірлеп сататын желілер әлемнің біраз елдеріне тарады. Бұл вафлидің бір емес бірнеше әзірлеу жолдары бар. Бірқата­рымен бөлісейік.

Құрамы:

140 грамм ұн

2 жұмыртқа

7,5 г. қамыр қопсытқыш

28 г. қоюландырылған сүт

28 г. жүгері крахмалы

140 грамм қант

140 мл. жылы қайнаған су

28 г. тазартылған күнбағыс майы

Алдымен үн, қопсытқыш және жүгері крахмалын ара­лас­тырып алыңыз. Одан кейін жұмыртқаға қантты қосып араластырасыз. Айта кетейік, вафлиіңіз ойдағыдай шығуы үшін миксерді қолданбағаны­ңыз дұрыс. Сүт пен суды бөлек ара­ластырып, жоғарыдағы қоспаларды біріктіресіз. Артынша бір сағат кө­лемінде тоңазытқышқа қалдырыңыз. Пісіру алдында бөлме темпера­ту­расына дейін қызды­расыз. Дайын болған қоспаны вафли пісіруге арналған апаратқа құй­мас бұрын, күнбағыс майымен майлап алғаны­ңыз абзал. Содан кейін әр вафлиге қоспаның 160 грамын өлшеп, пісіре бересіз. Жобамен 5 ми­нут көлемінде сіздің таға­мыңыз әзір болады. Бірақ, бұл тек Гонконг вафлиінің өзі ғана. Көбі бұл тағамды әртүрлі салмалармен әзірлейді. 

Мәселен, шоколад қосыл­ған вафли. Ол үшін жоғары­да­ғы тәсілмен қамырды дайын­дап аласыз. Әзір бол­ған қос­паны вафли теміріне құйып, әр ұяшыққа шоколадтың түйіршігін саламыз. 5 минут­та шоколад қосылған вафли дайын болады. Одан өзге де салмалар бойынша вафлиді әзірлеп, жемістермен безен­діріп ұсынуға болады.

Шоколадты крем

Құрамы:

35 пайыздық 175 мл — 200 мл.көлеміндегі кілегей

Шоколад — 250 г

Әзірлеу жолы:

— Кілегейді пешке сәл қыз­дырып, кесілген шоко­лад­ты қосыңыз.

— Қоспаны шоколад то­лы­ғымен ерігенше араласты­ры­ңыз. Еріген соң өшіріп, бір сағатқа суытыңыз.

— Одан кейін миксермен бір араластырсаңыз, шоко­ладты крем дайын.

Тауық еті мен саңырауқұлақ

Құрамы:

600 г тауықтың төс еті

30 дана шампиньон саңырауқұлақтары

2 пияз

2 ас қасық май және 4 ас қасық тазартылған өсімдік майы

Бір ас қасық ұн

250 грамм қатты ірімшік

20%-дық 100 г кілегей

Әзірлеу жолы:

— Тауық еті мен кеп­тіріліген саңырауқұлақтарды кесіңіз. Содан кейін пияз бен ірімшікті ұсақтап тураңыз.

— Тауықты өсімдік майы­на 15-20 минут қуырыңыз және судың толығымен буланып кетуіне мән беріңіз.

— Тағамға пияз, тұз және бұрышты қосыңыз. Жобамен 15-20 минут тағы да қуы­рыңыз.

— Кілегейді 50-60 градусқа дейін қыздырып, майды бөлек табада ерітіп, ұнмен аралас­ты­­рыңыз.

— Содан кейін кілегейді қосып, 5-10 минут араласты­ры­ңыз. Тағамы­ңызда түйір­шік­тердің бол­мауын қада­ғалаңыз. Қоспаңыз қай­маққа ұқсауы керек. Егер сұйық болса ұн, қою болса сүт немесе сорпа қосуға болады.

— Қоспаңызды тауық етімен ара­лас­тырып, 5 минутқа қойы­ңыз. Вафлидің ішіне жылылай құю керек. Тағам дайын.

Қырыққабат салмасы

Құрамы:

Қырыққабат

Жарты лимон

Жарт ас қасық тұз, дәміне қарай бұрыш

Әзірлеу жолы:

-Қырыққабатты өте жұқа етіп тураңыз

-Жарты лимонды турап, оған тұзды қосыңыз. Ара­ластырғаннан кейін салма дайын.

Лосось балығы және маскарпон ірімшігі

Құрамы:

300 г тұздалған лосось балығы

Ірімшік

Лимон шырыны

2 шай қасық қыша

Әзірлеу жолы:

-Қыша мен ірімшікті араластырып, сәл лимон қышқылын қосасыз.

-Вафлиді осы тұздықпен майлап, балықпен орасаңыз тағам әзір болады.          Қалауы­ңызға қарай әртүрлі көк шөптерді де қосуға болады.

Сондай-ақ, Гонконг ваф­лиінің бұрыштарын орау арқылы конверт жасауға болады. Осы салмаларды әзірлеп, вафли ішіне салып дәмін тата аласыз. Ас болсын!

Ас мәзірін ұсынған А.ӘЛИАРЫСТАН

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here