Ши шығармай зейнетке кетті

0
401

Сыртқа ешқандай ши шығармай, тұрғындарға аман-есен есеп берген Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы зейнет жасына келгендіктен құрметті еңбек демалысына шықты. Жалпы әкімдер арасында әкім болып жүріп зейнетке кететіндер некен-саяқ. Зейнет жасы жақындағаннан өзі де демалысқа қамданды ма, әйтеуір Ә.Оразбекұлының соңғы кездері «аты» көп шыға бермеді. Осыдан біршама уақыт бұрын нақтылағанда, шілденің 12-де жарық көрген газет нөмірінде «Ескі команда жаңарады ма?» деген тақырыппен жарияланған мақалада: «Анау-мынаудан ши шығара бермейтін шиеліліктер де елдерін­дегі “Геджуба” зауытына қатысты реніштерін білдіруде. Кент көше­ле­рін жөндеу, өздері жағымсыз иісі, денсаулыққа зияны бар деп ойлайтын зауыт орнын ауыстыру қажеттігін айтып шырылдаған шиеліліктер, одан бөлек зауыт жұмысшыларына жағдайдың төмендігін айтқан жұмысшылар да 3 жылдан бері Шиелі әкімі Ә.Оразбекұлының мазасын алуда», — деп тоқталыппыз. Енді міне араға шамалы уақыт салып, Жаңақорған, Сырдария ауданы әкімдерінен кейін Шиелі әкімі жаңарғалы отыр.

Шиелі ауданында өткен актив отырысында аймақ басшысы Әшім Оразбекұлының басшылығымен Шиелі ауданында экономикалық өсу қамтамасыз етіліп және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізілгендігін айтты.

Аймақ басшысы Әшім Оразбекұлына аймақтың ең жоғарғы марапаты Қызылорда облысының «Құрмет Грамотасын» табыстады.

Аймақ басшысы ауданға жаңа әкім тағайындалғанша аудан әкімінің міндетін Жағыппаров Тұрмағамбет Әлиасқарұлы атқаратындығын жеткізді.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here