«Бассыздық»: Шоу-бизнес өкілдері домбыраны сындырған жігіттің жазалануын талап етуде

0
211

Қазақстандық эстрада жұлдыздары желіде домбыраны сындырған видеосын жариялаған жігіттің заң алдында жауап беруін талап етіп жатыр. Өнер иелерінің ойынша, ол бейнежазба арқылы кешірім сұрай салып, жауапкершіліктен оңай құтылып кетпекші. Отандық әртістер жас жігіт істеген ісі үшін жазасын алу керек екенін жеткізді.

Бірқатар өне өкілдері аталмыш оқиғаға қатысты өз наразылығын білдірді. Кейбір жұлдыздар тіпті, видеодағы жігітті өздігінен жазалағысы келгенін де жасырмады.

«Қазақта сөз бар «атың шықпаса, жер өрте» деген. Солай танылып кеткісі келген шығар. Түрлі әдіс қолданып, денесін де көрсетіп танылып жатқандар бар ғой. Сөйтіп жұлдыз боламын деген шығар. Әдейі істеген болуы мүмкін. Тапсырыс та болуы мүмкін. Ол істейін деп, сындырайын деп жатқанда ол бір ұлттың аспабы екенін білді. Әрине ауыр тиді» , — деді Ерболат Төлегенов.
Оған қоса, әнші Шахизада да шулы видеодан кейінгі әсерімен бөлісті.

«Қалай жүрегім ауырды. Ана жігіттің басынан бір қойғым келді. Бірақ, қай жақта екенін білмеймін, әттең. Құдайдан қорықпағаны ғой. Ол деген мазақ қылғаны. Ананы көріп қалғанда, «өлді-ау мына бала» дедім. Біздің қазақ жігіттеріміз намысшыл ғой» , — деді ол.
Бауыржан Рахымбердиев ұлттық аспапты қорлап, артынан видеомен кешірім сұрай салған жігітті қатаң жазалау керек екенін алға тартты.

«Видеодан кешірім сұрау салу деген бассыздық. Үлкен бассыздық. Ондай адам жазалануы тиіс» , — деді ол.
Ал Жеңіс Ысқақова болса, қандай жағдай болмасын әрбір адамға кешіріммен қарауға шақырды.

«Ол домбыраны емес, бүкіл ұлтты жерге таптағандай болды. Бірақ, қателеспейтін адам жоқ. «Үзілді-ккесілді сойып тастаудың қажеті жоқ. Кешірімді болу керек. Ол да кешірім сұрады ғой. Біз де кешірімді болайық» , — деді әнші.

kaz.nur.kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here