А.Аймағамбетов: Мұғалімге көше тазалатқандар жазаланады

0
263

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: “Педагог мәртебесі тек заңмен өзгермейді. Бұл мұғалімдердің өзіне, өзінің біліктілігі мен жеке қасиеттеріне байланысты және қоғамға байланысты”, — деді.

Министрдің айтуынша, “Педагог мәртебесі туралы” заң ең алдымен балаларға арналған.

“Жасыратыны жоқ, мұғалімдер бізде зал толтырады. Құжат жинау керек болса, мұғалімдерді жібереді. Мұғалімдер бізден аула аралайық па, әлде балаларға білім берейік пе деп сұрап жатты. Есептер, қағазбастылық, осының барлығы заң қабылданар алдында болған мәселе”, — деді министр.

Сондай-ақ, мұғалімді қызметтен тыс жұмысқа тартқан адамдарға жаза бар.

“Басында ескерту жасалады. Одан кейін 20 АЕК тиісті айыппұлдар бар”, — деді ол.

Бұған қоса министр мұғалімдерді қағазбасты жұмысқа салғандарға айыппұл салынатыны жайлы ескертті.

“Педагог мәртебесі туралы” заңда тиісті нормалар бар. Біріншіден, 20-120 АЕК аралығында айыппұл салу қарастырылған. Екіншіден, біз алғаш рет мұғалімдер қандай құжаттарды толтыру керек деген сұраққа жауап бердік”, — деді Аймағамбетов.

“Бір облысты тексердік. Онда мұғалімге 130 құжат тексерту міндеттелген екен. Ең қынжылтатыны — ұстаздар сол құжаттарды, қаншама есептерді толтырады, бірақ бұл құжат, есептер ешкімге керек емес. Бұл есептерді оқуға ешкімнің уақыты да жоқ.”, — деді Аймағамбетов.

“Қазіргі уақытта біз тиісті тізімді дайындадық. Сол тізім бойынша пән мұғалім нақты бес құжат қана толтырады”, — деді ол.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here