QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қызылорда «Абайды» қалай атап өтеді?

Автор:QAA.kz

Фев 11, 2020

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған

мәдени-танымдық шаралар

  • «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты Абай өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу шеберлері мен концерт жүргізушілердің облыстық конкурсы;
  • «Қанат жайған руханият» атты көрме;
  • Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің «Абай — дана, Абай — дара қазақта» атты Қызылорда қаласындағы жылжымалы көрмесінің ашылуы;
  • «Даналыққа құрмет, ерлікке тағзым» республикалық ақындар айтысы;
  • Е.Төлеубайдың «Абай» драмасы;
  • Абай оқулары;
  • «Абай әлемі» кітап фестивалі;
  • А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай» операсынан үзінді қою (концерттік нұсқасы);
  • «Ұлы дала ырғақтары» атты Абай әндеріне қойылған облыстық би байқауы;
  • «Көзімнің қарасы» атты облыстық вокалистер конкурсы;
  • «Ұлы халықтың — Ұлы Абайы», «Абай дара, Абай дана қазақта», «Әлемге танылған Абай», «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты кітап көрмелері мен әдеби кештері;
  • Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Абайдың ән әлемі» атты концерті.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова айтты.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *