Тұрғындар мәселесі Сейіловтың назарынан тыс қалмады

0
200

Газетіміздің 16.01.2020 жылғы №3 санында Қызылжарма ауылдық округіне қатысты мақала жарияланған болатын. Онда ауыл әкімдерінің есепті кездесуінде ескерусіз қалатын мәсе­лелер төңірегінде жазған едік. Әрбір тұрғынмен жекелей сөйлесіп, сауалнама негізінде жазыл­ған мақалаға қатысты ауылдық округі әкімі Медет Сейілов өз жауабын айтты.

Жыл сайынғы өткізілетін есепті кездесулерде расы­менде бірі білер, бірі білмес бірнеше мәселелер айтылмай қалады. Осы мақсатта қалаға қарасты барлық ауылдық округтер мен кенттердің тұрғындарымен сөйлесіп, газет бетіне олардың базынасын  жеткізіп жазған едік.  “Ас­фальт та, тротуарлар да өтірік төселген” деген мақаладағы жұрт сұрақтарына былай деп жауап берді.

Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Медет Сейілов:

— Бірнеше тұрғынның көтерген сауалына байланысты ұзындығы 0,37 шақырымды құрай­тын Ж.Махамбетов көшесіне орташа жол жөн­деу жұмыстарын жүргізу үшін 8,2 млн.теңгеге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсынылған. Бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда жол төсеу жұмыстары жүр­гізілетін болады. Екінші, жалпы жол мәселесіне байланысты Қызылжарма ауылдық округінде былтырғы жылы қала әкімінің қолдауымен округтегі Ө.Махамбетов көшесіне 17,4 млн.теңге қаржы бөлініп, орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 1,0 шақырым құрай­тын Б.Әбдірайымов, №8 көше және Тереңсай тұйығына 6,8 млн.теңге қаржы бөлініп, тас төселді. Өздеріңізге белгілі өткен есепті кез­десуде қала әкімі ауылдың шет аймақтарын­дағы жол мәселесін шешу үшін бюджеттен қосымша Қызылжарма ауылдық округіне арнайы 100 млн.теңге қаржы қарау үшін тиісті сала басшыларына тапсырма берді. Алдағы уақытта қаржы мүмкіндігі шешілген жағдайда бұл жұмыстар жасалатындығын назарларыңызға жеткіземіз. Үшінші, “Қызылжарма-2” тұрғын ауданы бойынша ауыл тұрғындарының сұра­ны­сына сәйкес, қаржы қаралмаған көшелерге құм, қиыршық тас төсеу жұмыстары демеушілер көме­гімен жүзеге асырылды. Ал жарыққа бай­ланысты қазірдің өзінде 05:45 — 07:45 уақыт аралығына дейін жарық қосулы тұрады. Өздері­ңіз ойлаңыздар одан кейін дала жарқырап тұрады. Төртінші, Қызылжарма ауылдық окру­гіне 4 бағытта №20, №21, №1 және №14 қала­ішілік қоғамдық көліктері қатынайды. Бұл қоғамдық көліктер күнделікті сағат 06:30-дан бастап 20:00-ге дейін тұрақты қатынайды.

Ауылдық округ бойынша тұрғындар тарапынан айтылған сауалдарға әкім Медет Сейіловтың берген жауабы осы. Берілген жауаптың іс жүзінде жүзеге асқандығын уақыт еншісіне қалдырдық…

Т.КЕНЖЕБАЕВА

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here