Жұлдыз жорамал: Ақпан айы — ақпарат айы

0
789

2020 жылғы ақпан айына арналған жұлдыз-жорамалда қыс мезгілінің соңғы айы күтпеген жаңалықтарға толы болатыны айтылады. Көзде­ген мақсатыңызға сенімді түрде қадам жасаңыз, сонда армандарыңыз орындалуы ғажап емес.

6-7 ақпан күні көп уақытыңызды туыстарыңыз­дың жанында өткізгеніңіз жөн. Туыстарыңызбен ақылдасып қана қоймай, олардың мәселесін шешуге де атсалысқаныңыз абзал. Егер туысы­ңызбен ренжісіп қалсаңыз, екінші бір туысыңыздан екеуіңізді татуластыруға ықпал жасауын сұраңыз.

Айдың бірінші жартысы бастаған жұмысыңыз­ды сәтті аяқтауға, ескі шаруаңызды да шешуге мүмкіндік тудырады. Ал келесі жартысы жаңа шешім қабылдауыңызға мүмкіндігіңізді арт­тырады.

ТОҚТЫ

Әйелдер. Айдың бірінші жартысы тоқтыларды тығырыққа тіреп, қиындықтар туғызуы мүмкін. Әрбір қолға алған ісіңізді «жеті рет өлшеп, бір рет пішіп» бастаңыз.

Айдың екінші онкүндігінде өзіңіздің қабілетіңізді жетілдіріңіз. Кесте, сурет салу және т.б. курстарына жазылыңыз. Содан кейін жақын болашақта хоббиіңізді сәтті түрде ақшаға айналдыруға болады.

Ақпан айының үшінші онкүндігінде басталған байланыс берік достықтың бастауы болады.

 Ерлер. Бұл айда кез-келген келіссөздерге, келісім-шарттарға қол қою, келісімдер жасау, сұхбаттасу және жұмысты бастау үшін оңтайлы сәт туады. Ақпан айында көптеген тоқтылар өзінің кәсіби іс-әрекетінің көшбасшысына айналады, ал кейбіреулері тіпті алғашқы ондықта болады.

Айдың бірінші немесе екінші онкүндігінде демалыс жоспарласаңыз, оны үйде өткізбеңіз. Егер теңізге сапарға шыға алмасаңыз, кем дегенде көрші қалаға экскурсия жасаңыз.

ТОРПАҚ

Әйелдер. Ақпанның бірінші онкүндігінде барлығы ойлағаныңыз­дай бола бермейді. Мүмкін сізге кейбір жоспарлардан бас тартуға тура келуі мүмкін. Бірақ бәрі жақсы.

Ақпанның үшінші онкүндігінде өзінізге деген сенім күрт артады. Дегенмен, туыстарыңыз бен достарыңыз осындай кезде қол ұшын беруге ұсыныс жасаса, көмектен бас тартпаңыз. Олармен бірге тапсырмаларды тезірек шешесіз, яғни күтілген уақытта мәреге жетесіз.

Ерлер. 17 ақпанға дейін сізді планеталар қорғайды. Олар бұрыннан басталған бизнесті аяғына дейін жеткізуге көмектеседі. Егер қандай да бір жауап күтсеңіз, оны ақпанның бірінші немесе екінші онкүндігінде ала аласыз.

23-ші ақпан күнінен кейін сіз кез-келген шығармашылық жетістікке қол жеткізесіз. Соңғы онкүндік — бұл кәсіби шеберлік сайыстарына қатысу үшін тамаша кезең.

ЕГІЗДЕР

Әйелдер. Шығармашылық идеялар айдың екінші онкүн­дігінде келеді. Әр идеяңызды логикалық талдауға бағыт­таңыз және өзіңізге болашағы бар болып көрінетін нәрсені қабылдаудан бас тартқаныңыз жөн.

Ақпанның соңғы онкүндігінде кездестірген адамыңызды достарыңызбен таныстыруға асықпаңыз. Кейіннен бұл жүйкеңізді шаршатуға себеп болады.

Ерлер. Айдың басынан бастап қарым-қатынас орнату, келіс­сөздер жүргізу оңай болады. Бірнеше маңызды тапсырмалар жасаудың сәті түседі. Ақпанда кенеттен ықпалды адамдар арасында болып, олармен достық байланыс жасай аласыз.

Бірінші және екінші онкүндікте жұлдыздар кез-келген өзгерістерге керемет жағдай жасайды.

ШАЯН

Әйелдер. Ақпанның алғашқы онкүндігінде мистикалық құбы­лыстарға деген қызығушылық оянады. Ұқсас тақырыптағы фильмдер мен кітаптар сізге қызықты көрінуі мүмкін. Ал екінші онкүндікте өзіңізбен бірге үлкен қаржыны алып жүрмеңіз. Сондай-ақ, қауіпті ұсыныстарға және лоте­реяларға қатысуға болмайды — жеңіске жету ықтималдығы тым аз.

Ақпан айының үшінші онкүндігінде шығармашылық қабілеттерді ашуға болады. Егер қазірдің өзінде шығармашылық адамы болсаңыз, онда  шабытқа кенелесіз.

Ерлер. Ақпан айында өміріңізде маңызды оқиғалар орын алады. Көп күш жұмсамай, армандаған материалдық әл-ауқат деңгейіне қол жеткізе аласыз. Көпшілігі үлкен ақшалай сыйлықтарға ие болады, лотерея ұтып алады немесе бизнесті бастау капиталын қамтамасыз ететін демеушіні табады.

Ақпанның соңғы онкүндігі іскерлік қарым-қатынасқа толы болады. Кең көлемде хат алмасу, көптеген кездесулер болады. Өз пікіріңізді қорғап, басқалардың пікірін құрметтеңіз.

АРЫСТАН

Әйелдер. Ақпан айының алғашқы онкүндігінде қайшылықтар өрши түседі. Өкінішке орай өзіңіз үшін ұйымдастырылған күш пен беріктік сынағынан өте алмайсыз. Өзіңізді жоғалтпаңыз, өз пікіріңізді қорғаудан қорықпаңыз,

Жүрек пен ақыл арасындағы нақты соғыс айдың екінші онкүндігінде басталады. Ақпанның үшінші онкүндігінде өзіңіз үшін қажетті жаңа ақпаратты оңай үйренесіз. Егер оқу курстары мен түрлі тренингтерге қатыса бастасаңыз, онда ең жақсы студенттердің бірі боласыз.

29-шы ақпанда сізді үлкен аудиториямен сөйлесуге шақыруы мүмкін. Даңқ сәтін жіберіп алмаңыз, шешендік өнеріңіз үлкен жетістікке жеткізеді.

Ерлер. Ақпан айында шығармашылық үшін тамаша жағдай жасалады. 23-ші ақпаннан кейін әртүрлі көздерден жақсы ақша түсімдері болуы мүмкін. Бұл көлемді сатып алу, қаржы және жылжымайтын мүлікпен операциялар жасау үшін жақсы уақыт. Жұмыс орны туралы ұсыныстар немесе толық емес жұмыс күні туралы ұсыныстар аласыз.

БИКЕШ

Әйелдер. Ақпанның алғашқы он күнінде планеталар сізді қиыншылықтардан қорғайды. Алайда, олардың ықпалында бола отырып, сіз әлемге тым оптимистік көзқараспен қарай бастайсыз, сондықтан сіз өз мүмкіндіктеріңізді есептей алмайсыз. Айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу ойыңызды шашыратпаңыз.

Белсенділік пен жігердің арқасында өз мақсат­тарыңызға оңай қол жеткізесіз. Ақпан айының үшінші онкүндігінде армандарыңызға қол жеткізетін шығарсыз. Бірақ өте менмен болмаңыз. Әйтпесе, сіздің тәкаппар мінез-құлқыңыз жақын достарыңызды ренжітеді.

Ерлер. 21-ші ақпанға дейін өмір ырғағы біршама баяулайды, сыртта болып жатқан оқиғаларға деген қызығушылық азаяды, Сіз айналаңыздан алшақтап жалғыздықты сезінесіз.

1-23-ші күндері басқаларға қолжетімді емес маңызды ақпаратпен танысасыз. Мұны дұрыс пайдалана алған жағдайда мансап сатысына көтерілуге мүмкіндік аласыз.

Айдың үшінші онкүндігі — авторлық құқық жобаларын жүзеге асырудың, басшылармен сөйлесудің, интернетте бизнесті дамытудың, келісім-шарттарға қол қоюдың ең сәтті уақыты.

ТАРАЗЫ

Әйелдер. Ақпанның бірінші онкүндігінде шопингке барыңыз, гардеробыңызды жаңартыңыз, Әр түрлі заттардан жарқын киімдерді таңдаңыз. Оның көмегімен сіз өзіңіздің өміріңізге сәттілік тартасыз.

Айдың екінші онкүндігінде сіз әдемі және сүйкімді боласыз. Сіз өз мақсаттарыңызға жету үшін басқаларды оңай басқара аласыз. Осы айда парашютпен секіру, әуе шарында ұшу, экзотикалық елге билет сатып алу және т.б.  өзіңіз үшін де тосын нәрсені жасаңыз.

Ерлер. Ақпан айы ұжымдық жұмыстың куәсі. Ондағы сіздің үлесіңіз айтарлықтай болады. Мүмкін, әлі де маңызды жобаның басында боласыз.

Ақпанның бірінші және екінші онкүндігінде  әріптестер­мен және әйел серіктестермен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлу қажет. Көп нәрсе олардың өзіңізге ұнайтын­ды­ғына байланысты болады. Әйел көшбасшымен дауласпаңыз. Соңғы он күндіктегі өмір ырғағы біршама баяулайды.

САРЫШАЯН

Әйелдер. Ақпан айының алғашқы онкүндігінде психологиялық әдебиеттерді оқу сіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды нақты анықтауға көмектеседі. Әлсіз жақтарыңыздан гөрі, күшті жақтарыңызға назар аударыңыз. Сол арқылы қазіргі өмірде өзіңізге пайдалыны, қоғам үшін қандай пайдалы істер жасай алатындығыңызды, қандай үлес қосуға дайын екеніңізді талдаңыз.

Екінші он күндік кезеңі ауыр және қайшылықты болады. Жанжал болмас үшін, басқалармен қарым-қатынаста абай болыңыз.

26 немесе 27 ақпанда өзіңіз ұзақ уақыт көрмеген алыстағы туыстарыңызбен кездесуге немесе кем дегенде олармен Skype арқылы сөйлесуге тырысыңыз. Сіз көптеген қызықты нәрселерді үйренесіз.

Ерлер. Ақпан — бұл мансаптың шешуші табыстары үшін тамаша ай. Бұл үлкен жетістіктер, беделдің өсуі, атақ пен танымал­дыққа ие болу уақыты. Ақпан айында сізде маңызды жоба­ның, бөлімнің немесе бүкіл ұйымның жетекшісі болу мүмкіндігі бар.

Қаржы жағынан, сарышаяндар әсіресе ақпан айында сәттілікке жетеді, оның қызметі ойын-сауықпен байланысты. Зергерлік бұйымдар немесе аксессуарлармен айналысатындар үшін үлкен қаржы түсімі бар. Ақпанның соңғы онкүндігі командалық іс-шараларға ұласады.

МЕРГЕН

Әйелдер. Ақпанның алғашқы онкүндігінде керемет көңіл-күйде боласыз. 13 және 14 ақпан достық кездесулер үшін тамаша күн. Жолдастарыңызды үйіңізге шақырыңыз, тіпті бірлескен демалысты ұйымдастырыңыз

Айдың екінші онкүндігінде туыстармен ұрыспаңыз. Олармен келіспесеңіз де, үндемеңіз. Мұражайға, көрмеге барып, көрікті жерлермен танысыңыз. Егер ешкім сізді серіктес еткісі келмесе, жалғыз жүріңіз. Бәрібір уақытты керемет өткізесіз.

Ерлер. Бұл ай кәсіби білімге көбірек энергия, уақыт пен ақша жұмсауға деген ынтаны оятады. Сізге шетелде тағылым­дамадан өту туралы немесе өзіңіздің аймағыңыздағы шетелдік компанияның филиалынан ұсыныстар түседі.

18-ақпанға дейін сіз үлкен әлеуметтік белсенділік көрсете бастайсыз, әріптестеріңіздің көшбасшысы боласыз. Ықтималдылықтың жоғары деңгейімен мақсатыңызға қол жеткізе аласыз.

ТАУЕШКІ

 Әйелдер. Айдың бірінші онкүндігі — тұрғын үйді ауыстырудың дұрыс уақыты. Қазір басталған жөндеу тез аяқталады. 2-ші немесе 3-ші ақпанда интернет-дүкендердің ассорти­ментімен танысуға тым жалқау болмасаңыз, құрылыс материалдарын үнемдей аласыз.

16-шы немесе 17-ші ақпанда туыстардың бірі сіздің кеңестеріңізге мұқтаж болады. Жақын адамыңызға оны мазалап жүрген мәселені шешуге көмектесіңіз. Ақпанның үшінші онкүндігінде өзіңіздің жеке басыңызды қорғаңыз.

Ерлер. 1-ші ақпаннан бастап алдыңғы айда тоқтаған істер сәтті шешіледі. Әріптестердің бірі сізге практикалық кеңес береді. Ақпан — түрлі келісімдерге қол қою, келіссөздер жүргізу (сұхбатты қоса), байланыс орнату, ірі сатып алу және сату үшін керемет ай.

Сіздің қалаңызда филиалы бар шетелдік компаниядан жұмыс туралы ұсыныс болуы мүмкін. Заңды мәселелер сәтті және тез шешіледі.

СУҚҰЙҒЫШ

Әйелдер. Айдың бірінші онкүндігінде бұрын өзіңіз үшін қиын болып көрінген мәселелерді тез арада жеңе аласыз. 14-ші немесе 15-ші ақпанда таныстарыңыз сізге ескі қарызды немесе затты қайтарады. Өмірді түбегейлі өзгерту ниеті ақпанның үшінші онкүндігінде пайда болады. Күдіктеріңізді біржола қойып, белгісіздікке батыл қадам басыңыз.

Ерлер. Ақпанның бірінші және екінші онкүндігі қарым-қатынастарды, құқықтық дауларды және келіссөздерді нақтылау үшін тамаша уақыт. Сіз өзіңіздің көзқарасыңызды қорғай аласыз. 1-2 ақпан аралығында шығармашылық жобаларды қорғаңыз. Ақпанда кейбір суқұйғыш бизнестің ортақ иесі болады немесе компаниядағы екінші маңызды лауазымды алады.

Ақпан айының үшінші онкүндігінде сіз ұсақ-түйектерге көбірек мұқият боласыз. Күтпеген жаңа табыс көзінің пайда болуы ықтимал.

БАЛЫҚТАР

 Әйелдер. Ақпанның алғашқы онкүндігінде сенімді және батыл әрекет етіңіз, сонда сәттілік кездеседі. Кедергілерге бой алдырмаңыз, тәуекелге бармаңыз және қаржылық оқиғаларға қатысудан қорықпаңыз. 7-ші немесе 8-ші ақпан­да лотерея билетін сатып алуға болады. Ол жеңіске жетелеуі мүмкін.

Ақпанның үшінші онкүндігінде басқалармен қарым-қатынас ешқандай себепсіз нашарлауы мүмкін. Айналада болып жатқан оқиғаларға мән бермеңіз. Өзіңіздіі ренжіткен адамдар біраз уақыттан кейін өздерінің қателіктерін түсініп, сізден кешірім сұрайды немесе сыйлықтар тарту етеді.

Ерлер. Ақпан — қиын мерзім, айналадағыдармен түсінбеу­шіліктер орын алуы мүмкін. Бірақ сіз орасан зор күшке ие бола аласыз. Ақпанның бірінші және екінші онкүндігінде туындаған мәселелер тез арада шешіледі. Осы уақытта ұзақ уақытқа тоқтатылған бизнесті қайта қолға алып, оны­мен айналыссаңыз сәтті болады. Бәсекеге қабілеттілік рухы сізді кәсіби жарыстың көшбасшыларының қатарына қосады.

Бұл айда сіз сынға өте сезімтал боласыз. Өзіңізді ұстауға тырысыңыз. Ақпанның соңғы онкүндігі, дәлірек айтқанда, 23-нен кейін, келіссөздер мен келісімдер жасау үшін жақсы уақыт.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here