Түске дейін бар, түстен кейін жоқ вирус…

0
695

Қытай елінен тараған коронавирус бүгінде қазақстан­дықтарды да толғандыруда. Өйткені, аталған ауру түріне қатысты біраз ақпараттар әлеуметтік желілер арқылы желдей есіп жүр. Көпшілік бұл мәліметтің бұрыс, не дұрыс екенін білмей дал болуда.

Мәселен, аталған диагнозға тән науқас Қызылорда қаласында тіркелді деген ақпарат сәрсенбі күні түске дейін таралды. Қала тұрғындары дәріханаларды шарлап, бетперде алуға асыққандары да жасырын емес. Іле-шала осы мәселеге қатысты тиісті сала басшылары шұғыл брифинг өткізіп, нақты апқараттармен бөлісті.

  Облыс әкімдігінің мәжіліс залында өткен бұл жиында денсаулық сақтау басқармасының басшысы жұртшылықты дәйексіз ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқар­масының басшысы Жақсылық Абдусаметов:

— 18 қаңтар күні қызылордалық азамат Қытай елінен Алматыға келген. Осы айдың 20-да ол Алматыдан Қызылордаға пойыз арқылы жол жүреді. Келген уақытта дене қызуы көтерілмеген, ауру белгілері болмаған. Екі күннен кейін сырқаттанған науқас аурурдың себебін пойызда ашық терезенің астында ұйық­тағандықтан салқын тигізумен байланыстыруда. Бүгінде жағдайы бірқалыпты. Дене қызуы да жоқ. Дегенмен, тиісті  сынамалар алынды. Облыс деңгейінде зерттеу барысында теріс нәтиже көрсетуіне орай, анализ қорытындылары Алматы қаласына жөнелтілді. Ертең нәтижесі шығады. Сондай-ақ, ол науқастың отбасы және өзге де байланыста болған жақындары 14 күндік медициналық бақылауға алынды. Олардан вирусқа тән белгілер жоқ. Болған жағдайда арнайы диагностикалық және емдік шаралары жүргізіледі.

Айта кетейік, аймақ бойынша аталған вирустың алдын алу үшін тиісті шаралар атқарылуда. 14 ұйымның басшылары мүшелік ететін өңірлік штаб құрылды.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау депар­таменті басшының орынбасары Әлия Әбдіқайымова:

— Бүгін денсаулық сақтау саласының мамандары арасында да отырыс өткізілді. Аймаққа қарасты барлық емханада жедел жүргізілуі тиіс шаралар нақтыланды. Сондай-ақ, сақтық жұмыстары үшін арнайы тапсырма берілді. 

А.ӘЛИАРЫСТАН

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here