Қ.Нұртастың әйелі коронавируске қатысты дабыл қақты

0
1578

Отандық әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы кезде елді дүрліктірген коронавируске қатысты өз ойын білдірді.

«Қазір елдің елең ететіні — коронавирус. Сақтансаң сақтармын деген, бәрінен бұрын балалар үшін алаңдаймын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көпшілік жүретін қоғамдық орталарда маска киіп жүруді, қолды сабындап жууды, температурасы жоғары адамдардан алшақ жүруді ескертіп, дабыл қағуда. Қытайда вирустан көз жұмғандардың саны 80-ге жеткенін оқыдым. Күн санап көбейіп жатыр. Халықаралық теннис турнирі коронавирусқа байланысты Қытайда емес, Қазақстанда өтетін болыпты. Бұл дегеніңіз шеттен қаншама ойыншылар келеді, жанкүйерлер келеді деген сөз. Өздерімен өздері тыныш келіп, тыныш кетсе екен деп тілеймін. Сіздер де сақтанып жүріңіздер» , — деп жазды.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here