Тараздағы оқиға: педофилге сот үкімі шықты

0
187

Педофил алғашқы 5 жылын бір түрмеде өткізсе, одан кейін қауіпсіздігі барынша жоғары колонияға ауыстырылады.

Таразда 12 жастағы қызды даладағы мектеп дәретханасында зорлаған ер адамға сот үкімі шықты. Қылмыстық іс Жамбыл облыстық мамандырылған сотында қаралды.

38 жастағы ер адам қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі (зорлау) және 121-бабының 4-бөлігі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Алғашқы 5 жылын бір түрмеде өткізсе, одан кейін қауіпсіздігі барынша жоғары колонияға ауыстырылатын болады.

«Жазасын өтеу орнында алкоголизмнен, нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу, сонымен қатар химиялық кастрациялау түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды», — дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Райхан Ратова. 

Сотта баланың заңды өкілінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды. Сотталған 5 000 000 теңге көлеміндегі моральдық шығынды өтеп беруге міндетті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

sputniknews.kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here