М. Ергешбаевтың қызметін қалай бағалайсыз?

0
113

«Ел билейтін адам ешкімге де тәуелді болмауы тиіс. Ондай адам­ның тәні де, жаны да сау болып, өзіне артылған үмітті ақтап, жүк­телген міндетті мінсіз атқарып кетуі керек. Ол үшін жұрттың айтқанын ой елегінен өткізіп, бұқараның жанын терең түсінетін табиғи қасиеті болуы ләзім. Көрген-білгенін, есті­генін жадында жақсы сақтап, саралап отырғаны абзал. Көкірек көзі көреген сұңғыла болып, кез-келген құбылысты қалт жібермей, бәрін де қадағалап отыруы шарт. Ойы ұшқыр, тілі орамды болып, ойлаған ойын да әсем жеткізе білгені жақсы. Шындықты жанындай сүйіп, оны жақтаушыларды құрмет­тей біліп, өсек-аяңға құлақ аспауы қажет. Ары асқақ, жаны таза, пасық­тыққа табиғаты төзбейтін, байлықты өмір мұраты деп сана­майтын, әділ­дікті ту етіп, жақынға да, жатқа да бірдей қарап, озбырлыққа жол бер­мейтін, жұртқа ұдайы жақсылық жасайтын адал да әділ адам ғана ел билеуге лайық. Әділ болу деген, айтқанынан қайтпай, қасарысып отырып алу емес, орынды жерінде иіліп-илігіп икемге келу де тиімсіз емес. Ал ойға алған ісін жүзеге асыруда үрейге бой алдырып, кібіртіктемей, батыл да батыр қимылға бару парыз. Бірақ бұл қасиеттердің бәрі бір адамның бойы­нан төрт көзі түгел табылуы қиын. Сол себепті де табиғаты бөлек, парасаты биік, сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар тым сирек», — деген екен Әл-Фараби.

Осы орайда халық қызметшілері — үлкенді-кішілі әкімдер Фараби айтқан пайымға қаншалықты жақындайды деген ой келетіні рас. Әлбетте, үлкенді-кішілі әкімнің баршасы заң шеңберіндегі мін­дет­терінен, Ар-намыс Кодексіндегі бет-бейнесінен ажырамауы тиістігі айқын. Дегенмен, қалт айтпайтын халықтың бағасы қандай? Бұл ретте халықтың өзіне сөз беруді жөн көрдік. Құрметті аудан тұрғындары, сіздер Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың қызметін қалай бағалайсыздар?

Әкім жүктелген міндетті мінсіз атқа­рады ма?

— Ешкімге тәуелді емес пе?

— Байлыққа қызықпайды ма?

— Бұқарамен байланысы қандай?

— Өсек-аяңға құлақ асады ма?

— Ойы ұшқыр, тілі орамды ма?

— Жақынға да, жатқа да бірдей ме?

— Адал да, әділ ме?

Хабарласу телефоны:

23-16-08, 23-16-11.

Facebook парақша: Ақмешіт Ақшамы газеті

Эл.почта: a_akshamy@maіl.ru

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here