«Сенбеңіздер»: Жазира мен Жанболат өз атын заңсыз пайдаланған алаяқтарға шүйлікті

0
853

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Жанболат пен Жазира желіде белгіліз біреулер олардың есімін заңсыз пайдаланып, халықты алдап жүргенін хабарлады. Алаяқтар қос жұлдыздың атынан ұтыс ойындарын ойнатпақшы болған. Эстрада өкілдері жанкүйерлеріне алданып қалмауын ескертті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова бірінші болып, Instagram парақшасында желі қолданушыларына аса маңызды хабарландыруды жеткізді.

Шоу-бизнес өкілі тыңдармандарына алаяқтардың сөзіне сеніп, қыруар қаражаттан айырылып қалудан абай болуға шақырды.

Оған қоса, жұлдызды жұп ұтыс ойындарын мүлдем өткізбейтінін ескертті.

«Сенбеңіздер! Алданып қалмаңыздар. Алаяқтар бұрынырақ түсірілген видеоларымызды да пайдалануы мүмкін. Біз ұтыс ойындарын ойнатпаймыз! Ал, кей парақшаларда біздің сөзіміздей етіп, түрлі әңгімелер де жазылып жатыр. Өз парақшамыздан көрмеген ақпараттарға сенбеңіздер» , — деп жазды Жазира Байырбекова.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here