Жұлдыз жорамал: Сабыр мен төзім

0
374

ТОҚТЫ. Іскерлік мәселелерді шешуде апта басы сіз үшін қолайлы болмақ. Бұл жеке және жаныңыздағы серіктестеріңізбен бірігіп атқаратын шаруаларға өте қолайлы кез. Сіздің бір жақсы қасиетіңіз кімнің күші неге жететінін жақсы білесіз. Сондықтан алдағы уақытта серіктестерді таңдарда жақсылап ойланғаныңыз дұрыс болар. Жұлдызшылар сізге уәдені үйіп-төгіп беретін жандардан сақ болуға кеңес береді. Олардың айтқан сөздеріне ере кетсеңіз, кейін опық жеп қалуыңыз мүмкін. Апта сіз үшін жаман болмайды.

ТОРПАҚ. Аптаның басы өте жақсы басталады. Алайда, сізге өзіңіздің көңіл-күйіңізді бақылауда ұстау керек. Ашуға бой алдырмаңыз. Барлық болып жатқан нәрселерге байыппен қараңыз. Ашуға берілсеңіз маңызды сәттерде қате шешім қабылдап, артынша өкініп қалуыңыз әбден мүмкін. Апта соңына қарай өз-өзіңізге қарап, демалғаныңыз жөн болар. Мәселен, киноға бару, серуендеп жақын достарыңызбен қызықты уақыт өткізіңіз.

ЕГІЗДЕР. Егіздер үшін апта басы аздап қиындықтармен басталуы мүмкін. Бірақ  барлығына сабырлықпен қарап, айналаңыздағы жандарға жанашырлық танытыңыз. Сол кезде мүмкін аптаңыз жақсы басталып қалар. Оның барлығы өзіңізге байланысты. Көп жағдайда адамдар сізді ашуландыруы мүмкін, бірақ оған мән бермей, салқынқанды болуыңыз керек. Егер ашуландырған жан жақын адамыңыз болса, одан көңіліңіз қалып қалуы мүмкін дейді жұлдызшылар.

ШАЯН. Апта жемісті әрі тыныш, сәттілікке толы болмақ. Сізге осы аптада бірнеше шаруаны қатар атқаруға тура келеді. Сондықтан да шаруаларды атқаруда қателесіп кетпес үшін барлығын бір жүйеге келтіріп алыңыз. Егер  атқара алмай жатқан кездер болса, жақындарыңыз бен достарыңыздан көмек сұрауға ұялмаңыз. Бұл аптада сізге көптеген адамдармен жұмыс жасауға тура келеді. Шиеленіскен оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз оларға қарамастан алға қарай жылжуыңыз керек. Жеке өміріңізде аса қатты өзгеріс бола қоймайды. Егер мәселе туындап жатса оған жаныңыздағыларды кінәламаңыз. Бұл тұста сізге сабыр мен төзім үлкен көмекші болмақ.

АРЫСТАН. Сізде барлығы жақсы болып келе жатыр. Қатты алаңдайтын ештеңе жоқ. Қай уақытта да өзіңізге сенгеніңіз дұрыс. Жан-жағыңыздағыларға көмек керек бола қалса, бас тартпаңыз. Сіздің өзгелерге көмек қолын созғаныңыз өзіңіз үшін де пайдалы. Бұл аптада жаңа достар мен жаңа іскерлік қарым-қатынас басталуы ғажап емес. Жалпы арыстандар үшін осы аптада жаңа нәрсені үйренуге өте қолайлы уақыт. Жеке өмірлеріңізде барлығы өзіңіз қалағандай болады.

БИКЕШ. Бұл апта бикештер үшін өзінің іс-әрекетіне орай басталады. Олар қандай адамдарға сенім артып, көмектеседі, апта соған тікелей байланысты болмақ. Кей сәттерде ішкі түйсікке мән бермеңіз, себебі сіз дұрыс деп шешкен нәрселер дұрыс болмай қалуы мүмкін. Осы аптада бұрыннан шешімін таппай келе жатқан мәселелеріңіз оң шешемін табады.

ТАРАЗЫ. Таразылар үшін алдағы апта іскерлік жағынан сәтті өтпек. Жұмыссыз жүрген жандар жұмысқа орналасып, жұмыстағы адамдар жақсы жаңалықтар естиді. Өзіңізді жақсы жағынан көрсетуге тырыспаңыз, себебі онсызда барлығы сіздің артық­шы­лығыңызды байқайтын болады. Кейде тұйықтанып қалатын таразылар таныс емес адамдармен әңгімелесу барысында да ашықтық танытып, жаңа достар мен серіктестер табады. Жеке өмірлеріңіздегі жайттар аса қуанта қоймайды. Өйткені сіз жұмысқа қатты беріліп кеткенсіз. Бұл жақындарыңыз бен достарыңызға аса ұнай қоймас. Кейбір достарыңыз сіздің жұмысыңыздың кесірінен араласпай, өзіңізден алыстап кеткенін байқайсыз. Сол себепті, өміріңіздегі қымбат жандарды уақытында қадірлей біліңіз!

САРЫШАЯН. Апта ерекше таныстықтар мен қызықты кездесулерге толы болмақ. Жаңа достардың пайда болуы, сіз үшін пайдалы. Себебі, олардан жаңа нәрселерді үйрену мүмкіндігі туады. Басқалардың тәжірибесі сізге дұрыс шешім қабылдау үшін және берік мақсат қоюға септігін тигізеді. Кей сәттерде нақты шешім қабылдай алмай тұрғанда, тыныш жаққа барып барлығын ой елегінен өткізіп ойланғаныңыз абзал. Аптаның екінші жартысы сарышаяндар үшін қолайлы болады.

МЕРГЕН. Жаңа аптада мергендер қаржылық мәселелеріне баса назар аудару қажет. Мүмкіндігінше жақындарыңыздан қарыз алмауға тырысыңыздар. Қателік жібермес үшін шешім қабылдар алдында және әркет етерден бұрын барлығын жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Қиындыққа тап болғанда сізге жаны ашитын жандардан ғана кеңес сұрағаныңыз жөн болар. Бұл аптада сіздің көңіл-күйіңіз бір қалыпты болмайды. Қарбалас уақыттың өзінен көптеген мергендер өзіне пайда әкеле алады. Сол үшін қандайда бір мәселе туындағанда бірден салыңыз суға кетпесін. Барынша жан-жақты ойланғаныңыз дұрысырақ.

ТАУЕШКІ. Сізге барлық нәрседе көмек қажет. Көмекке мұқтаж болғаныңызбен, бұрын өз шешімін таппай келе жатқан жұмыстарыңыз оңынан шешіледі. Жұмыс барысында осы кезге дейін ешкім бастамаған жаңа жобамен айналысып, барлығын таңқалдыратын боласыз. Ең бастысы қай істе де сабырлы болыңыз. Тауешкілердің жеке өмірі бұл аптада ойдағыдай болмақ. Ол сіздің жақындарыңыздың арқасында. Себебі, олар сізді болмашы нәрсеге бола алаңдатпай, қолдан келген көмектерін аямайды.

СУҚҰЙҒЫШ. Аптаның басында сізге барынша мұқият болу керек. Бұл уақытта мақсатыңызға қадам басу жолында қателіктер жіберіп алмас үшін өзіңіздің не қалайтыныңызды алдын ала шешіп алғаныңыз жөн. Ал басқалардың тәжірибесіне жүгінбеңіз. Себебі, олардың тәжірибесі сізге пайдалы болмайды. Жұлдызшылар сіздің мәселеңіз ушығып кетсе, өзіңіз бұрында қиналған сәтте жолын тапқан жақыныңызға бар деп кеңес береді. Аптаның екінші жартысы суқұйғыштар үшін тыныш әрі өнімді болады. Ең бастысы қандай жағдай болса да асықпаңыз.

БАЛЫҚТАР. Бұл белгідегі жандар үшін де апта басында қолдан келгенше барлығына мұқият болу керек. Балықтар осы аптада жетістіктерге жетеді. Десе де қиыншылығыда қатар жүреді. Көктемгі жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді, бірнеше мәселелер пайда болуы мүмкін.  Сондай сәттерде үлкендердің қамқорлығы мен кеңесіне жүгініп, барлығын жеңіп шығатын боласыз.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here