СЫНҒА ОҢ КӨЗҚАРАСПЕН ҚАРАЙМЫН

0
832

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Мира Жомартқызы ҚАЗБЕКОВА:

Күн санап қарыштап, дамып келе жатқан Қызылорданың бүгінгі келбетіне көз тояды. Тотықұсша таранып, жаңаша кейіпке енген Сыр елінің бас шаһарында алдағы уақытта атқарылар жұмыстар ауқымы әлі де аз емес. Бұл тұрғыда қала мәдениетін, идеологиялық ахуалын арттыруда жүргі­зіліп жатқан жұмыстар да жетерлік. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Мира Жомартқызы Қазбековамен осы бағытта келелі сұхбат жүргізіп, қаланың бүгінгі келбеті мен ертеңгі міндеттері төңірегінде ой қозғаған едік.

— Мира Жомартқызы, бүгінгі қоғамда иеологияның ең күшейген кезі. Әйел адамға бұл салада басшылық жасау ауыр жүк емес пе?

Әрине, әйел адамға иеология саласына басшы­лық жасау ауыр екені анық. Ең алғаш 21 жасымда қала әкімдігінің баспасөз хатшысы болып қызмет бастадым. Сол кездері баспасөз саласының жұмысын ұйымдастыру, қала әкімі мен БАҚ арасындағы байланысты үйлестіріп, ұйымдастырып отырдым. Бұл міндеттің де ауыртпалығы көп болды. Алайда сол сәттерде маған қолдау танытқан қоғамның қозғаушы күші болып табылатын БАҚ өкілдеріне алғысым шексіз.

Бұдан кейін мәдениет саласына жетекшілік еттім. Ол қызметтің де өзіндік қиындығы болды. Бұл салада өнер адамдарымен, оның ішінде ақындармен, әншілермен және бишілермен жұмыс жүргіздім. Мәдениет саласынан кейін қала әкімінің аппарат басшысы болып қызмет жасап, бас-аяғы 3-4 айдың шеңберінде қала әкімінің идеолгия саласы бойынша орынбасары болып тағайындалдым.

Әйел заты болғасын басшылық қызмет атқару оңайға соқпайды. Қай салада болмасын өзіндік қиындықтары болып тұратынын белгілі. Десе де сондай қиындықтарда маған қолдау білдірген барлық адамдарға, еңбегімді бағалап, мүмкіндік жасап, халық алдына шығарып жатқан қала әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлына зор алғысымды білдіремін.

Негізінен қызметімді қатар алып жүріп, тұрмыс құрып, ана бақытын да сезіне алдым.  Жолдасым құқық қорғау саласында қызмет етеді. Оның да жұмысының жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Әйтсе де екеуміз де қызметімізді абыроймен атқарып келеміз деп айта аламын.

Бүгінде жолдасым екеуміз үш бала тәрбиелеп отырмыз. Ата-енем­мен бірге тұрып жатырмыз. Қызме­тіміздің зор жауапкершілігін түсініп, еш алаңдаусыз қызмет жасауымызға мүмкіндік беріп отырған ата-анамызға да алғысымыз шексіз.

— Қаланың демографиялық ахуа­лын дамыту жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Демографиялық ахуал дегенде бірінші кезекте көп балалы аналары­мыз еске түседі.

Жалпы бүгінде көп балалы отба­сыларға мемлекет тарапынан жаса­лып жатқан қамқорлық жетерлік. Бір ғана айғағы – 2019 жылы өңірімізде демографиялық ахуалды өрістетуде көптеген шаралар атқарылды. Оның ішінде өткен жылдың өзінде қала­мызда 130 жас отбасы баспаналы болды. Одан бөлек сот саласымен бір­лесе отырып қала әкімдігі жаны­нан «Отбасылық кеңес» бұрышын аштық. Бүгінде бұл орталық өз жұмысын оңтайлы жүргізуде.

Бұл бұрышты ашу арқылы отба­сындағы қиындықты шешу, отбасын сақтап қалу мақсатында демеу жасауға мүмкіндік арта түсті деп айтуға болады. Орталыққа медиа­торлар, адвокаттар, қала әкімдігінен кеңесшілер тарттық. Олар қоғамның қиындығына шыдас бере алмай жүрген отбасыларға заңдық, идеологиялық тұрғыдан тиісті кеңестерін беруде.

Бұған қоса өңірімізде балаларымыздың біліммен қамтылуы да күн тәртібінен түскен емес. Нақты айтқанда,  мектепке дейінгі білім беру мәселесі 100 пайызға толық шешілді деп айта аламын. Соның ішінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту  толықтай шешілген. Осы орайда қаламыздағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 80 пайызы қала кәсіпкерлерінің қолдауымен жұмыс жасап жатқанын айта кеткен абзал. 

Жалпы өңірімізде «Балапан» бағдарламасы арқы­лы 13 мыңнан астам баланы балабақшамен қамту­ға тиісті қаржы көздері бөлінуде. Соның негізінде 240 балабақша жұмыс жасаса, оның 27-сі мемлкеттік балабақша саналады. Бүгінде онда 19 мың 803 бала тә­лім алуда. Бұдан өзге жеке балабақша ашуда кәсіп­керлер тарапынан 30-ға жуық ұсыныстар түсіп тұр.

Сол сияқты білім беру мәселесі, яғни мектептер­мен қамту ісі де шешімін тапқан. Бұл жөнінде де ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жетерлік.

Атап айтсам, былтыр орын тапшылығын шешу мақсатында Әл-Фараби мөлтек ауданындағы №261 мектеп пен қаладағы №198 білім ордасының жанынан халықтың сұранысына сәйкес қосымша ғимарат салынып, пайдалануға берілді.

Ендігі кезекте Саяхат, СПМК және Бәйтерек мөлтек аудандарынан мектеп салу мәселесі қаралып, жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Одан бөллек СПМК, яғни «Астана»  мөлтек ауданы жаңа мөлтек аудан болған­дықтан сол өңірден жеке білім ордасын ашу ойда бар. Бұл тұрғыда бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізі­ліп, құрылыс жұмыстары басталады деп күілуде.

Сол сияқты сол жағалаудағы жаңа қаладан жеке бастауыш мектебі бой көтерсе, қала орталығынан 500 орындық білім ошағының құрылыс жүргізілуде. 

Жалпы өңірімізде осы сынды демографиялық ахуалды арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар ұшан-теңіз. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.

— Өткен жылы қала мәдениеті үшін қандай жетістіктер орын алды?

— Мәдениет саласы дегенде алдымен осы салада қызмет атқарған кездерім ойға оралады. Қала мәдениетін дамытуда сол кезде де, қазірдің өзінде де аз жұмыстар атқарылған жоқ.

Негізіне қаламызда мәдениет саласында атқарыл­ған жұмыстар ауқымы көз қуантады. Оның ішінде сөз маржанынан қамал тұрғызған Мұхтар Ниязовтың өзі біздің кеудемізде мақтаныш сезімін ұялатады. Оған қоса Сочиде өткен ән байқауында жеңімпаз атанып, мерейімізді асырған Қарақат қызымыздың жетістігінің өзі көпке үлгі боларлықтай. Сол сияқты өзім мәдениет саласында қызмет атқарған жылдары қаланың 200 жылдығы мерейтойын жоғары деңгейде өткізе алдық. Бұған қоса Ақжарма ауылынан 150 орындық ауылдық клубының ашылуына мұрындық болдық. Сонымен қатар 21 кітапхана интернет желісімен қамтамасыз етіліп, QR-код арқылы ұялы телефондарға жүктеуге мүмкіндік жасалды.

Жалпы қала мәдениетін дамытуда ауқымды шаралар атқарылуда деп айтуға негіз бар. 2020 жылы ҚР Конституциясының 25 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойларын өткізу жоспарланса, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы және Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында түрлі шаралар ұйымдастырылатын болады. 

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қаламызда атқарылған ауқымды шараларды атап өтсеңіз…

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы біз өткен тарихымызды қайта жаңғырттық. Бұл тұрғыда өңірімізде атқарылған жұмыстарға тоқталсам, сол жағалаудан жаңа қала бой көтерді. Сонымен қатар қалалық мұражайды аштық. Ең бастысы «Рухани жаңғыру» орталығының ашылып, жұмыс жасап жатқанын ерекше атап өтер едім.

Негізінен Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын жобаларды жүзеге асыруда Қызылорда қаласы бойын­ша 60-қа жуық мәдени көпшілік шаралар атқа­рылды. «Туған жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй, газ құбырларын тарту, ойын алаңдары мен мектеп қүрылыстарын салу бойынша 9 нысан пайдалануға берілді. Бұған қоса көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету мақсатында жеке кәсіпкерлер тарапынан 10-нан астам қайырымдылық шаралары өткізілді. Осы орайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Q-ORDA.KZ» доменінің жұмысы үйлестірілгенін айта кеткен артық болмас.

Жалпы қала аумағында бағдарламалық мақаланы насихаттау мақсатында 13 көрнекі ақпараттық құралдары, 6 жаңа лэд стеллалар пайдалануға берілсе, бильбордтық эскиздер таратылып, білім бөліміне қарасты барлық мекемелерде 32 бильборд ілінді.

— Өңірімізде жастар саясатын жүзеге асыру бағытында жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-мәдени, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүзеге асырылуда ма?

— Қала аумағында жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар ауқымдылығымен көз қуантады. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Жастар жылын жоғары деңгейде өткіздік. Жастар саясаты өте сәтті жүргізілді десек артық болмас.

Соның ішінде өңірімізде «Жастар ресурстық орталығының» ашылып, жұмыс жасап жатқанын ерекше атап өтуге болады. Бұдан өзге республиканың түкпір-түкпірінен келген жас математиктердің қатысуымен А.Жұмаділдаев атындағы халықаралық деңгейдегі олимпиада өткізілді. Академик, профессорлардың қатысуымен жас математиктерге арналған семинар, оқыту тренингтері өткізілді. Бұл шараға республикадан және көрші мемлекеттерден 100-ден астам жастар қатыстырылды. Сонымен қатар «Әзіл әлемі» театрының директоры, белгілі өнер майталманы Тұрсынбек Қабатовтың және еліміздің әр аймағынан келген танымал өнер командаларының қатысуымен 15 мың адамды қамтыған ашық аспан астындағы көңілді тапқырлар алаңының республикалық фестивалі ұйымдастырылды.

Жалпы өңріімізде 2019 жылы қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде 36 млн. 142 мың теңге көлемінде қаржы қаралып, 12 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып отыр.

Негізінен жастар саясатын дамытуда биылғы жылы да ауқымды жобалар жүзеге асырылатын болады. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау әрдайым өз деңгейінде жүргізіле беретініне сенім білдіремін.

— Қоғам тарапынан билікті сынайтын кездер болып тұрады. Жалпы сынға көзқарасыңыз қалай?

— Әрине, қоғам тарапынан биліктің жұмысын сынайтын сәттер өте көп болады. Бұл бір жағынан орын­ды. Мұны өз басым оң көзқараспен қабыл­даймын.

Негізі бүгінгі кұні халық үшін билікке тікелей қолжетімділік бар деп айтуға болады. Соның негізінде «Open Kyzylorda» жобасын жүзеге асырдық. Сонымен қатар ватсап желісінде арнайы чат жұмыс жасайды. Осы арқылы халықтың мұң-мұқтажы мен арыз-талаптарын қабылдап, тиісті шаралар жүргізіп жатырмыз.

Негізінен билік тарапынан сынға көзқарас дұрыс болу керек деп есептеймін. Әрдайым халықтың пікіріне құлақ түріп, бірлесе жұмыс жүргізуге міндетіміз. Бұл тұрғыда қабылдау күндерімнен бөлек, қай кезде де өзінің мәселесін айта келген халықты қабылдап, мәселесін шешуге ықпал жасауға дайынмын.

— Алтын уақытыңызды бөліп, келелі сұқбат жүргізгеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Е.ЖАЛҒАСБАЕВ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here