Балаларға берілетін жиынтық пакеттерде не бар?

0
382

Биылдан бастап аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетудің жаңа түрі қолданысқа еңгізілді. Осы жылдың ақпан айынан бастап әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін мектеп жасына дейінгі балаларға ай сайын азық-түлік өнімдері мен гигиеналық құралдар жиынтығы үлестіріледі.

Бір жастан үш жасқа дейінгі балаларға арналған жиынтықта сүт, тәтті нандар, ботқа­лар, картоп езіндісі, жүгері және сұлы жарма­лары сынды күнделікті керек-жарақтары қамтылған.

Ал, үш жастан алты жасқа дейінгі балалар­ға сүт, макарон, сұлы майы, күнбағыс майы, гематоген, тәтті нандар, жарма және бал үлестіріледі.

Гигиеналық жиынтықта балалар кремі, сабын, тіс пастасы, кір сабын, сусабын және жуғыш ұнтақтар қамтылған.

«Бұл тізім Денсаулық сақтау министр­лігімен келісілді. Жиынтық бір айға жетеді дегенді білдірмейді, бұл қосымша көмек ретінде жүреді», — дейді пакеттік бағдарламамен таныс­тырған Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ, билік өкілдері аз қамтама­сыз етілген отбасындағы әр балаға пакеттер жеке үлестірілетінін жеткізді. Егер отбасында төрт бала болса, онда төрт тамақ және төрт гигиена жиынтықтары беріледі.

Айта кетейік, әр облыста жиынтық пакеттерді тарататын арнайы бөлімшелер ашылады.

А.ӘЛИАРЫСТАН

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here