QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«Тышқан жылы» кімдерге оңай, кімдерге қиын болады?

Автор:QAA.kz

Дек 27, 2019

Көріпкел Бақыт Жұматова келер жылға болжам жасады.

2020 жыл – елімізде бидай бітік өсіп, үлкен көлемде астық жиналады, мал шаруашылығы да жақсы дамиды. Бірақ жұмыс істемейтіндерге түк жоқ, аш қалады. Zakon.kz сайтына сұхбат берген «Битва экстрасенов» ресейлік тележобасының 7-көрсетілімінің жеңімпазы, көріпкел Бақыт Жұматова 2020 жылға болжам жасаған. Оның болжамынша, жаңа жыл еліміз үшін қолайлы болады, бірақ ескеретін бірнеше маңызды сәттер бар.

«2020 жыл – бас кесетін жазалаушы сияқты, яғни бұл жылы әркім өз ісіне лайықты жазасын немесе марапатын алады. 2020 жыл – орушы жыл, осыған байланысты елімізде бидай бітік өсіп, көп көлемде астық жиналады, мал шаруашылығы да жақсы дамиды. Бірақ жұмыс жасамайтындарға түк жоқ, аш қалады», – дейді ол.

Көріпкел Қазақстанға қатысты көптеген салада даму болатынын болжап, әлемнің барлық елдерімен жылы қарым-қатынас ұстап, тасымал саласы жақсы дамиды деп отыр.

– Құрылыс көп болады, басталған нысандар құрылысы аяқталады. Осы жылы тағы бір сайлау болады, саяси тұрғыдан алғанда, жаңа саясаттанушылар пайда болады, ел арасынан жас саясаткерлер шығады, айтпақшы, мен соғысты көріп тұрғаным жоқ. 2024 жылға дейін тыныш ұйықтауға болады. Қазақ тілі байлығын қайтып аламыз, аудармашылар, лингвистер, филологтар үшін көп жұмыс болады, – деді көріпкел.

Сонымен қатар, Бақыт Жұматова Алакөл, Балқаш, Каспий теңізі, өзге де жерлердегі емдік бұлақтар басынан көп туристерді көретінін айтады.

Әлемдік оқиғалар туралы айтар болсақ, Бақыт Жұматова әлемнің көптеген елінде президенттердің ауысуын, ал Қазақстанда – кадрлық ауыс-түйістің әлі жалғасатынын көріп, болжайды. Музыка және спорт әлемі, мәдениет, сән саласында, көріпкелдің болжамында, әріптестік пен тығыз байланыстар өседі.

– Байқоңыр дами түседі. Қайда екенін әлі білмеймін, бірақ бізде жаңа ұшу аймағы болады, менің ойымша, Семейде болуы мүмкін, әйтеуір бірнәрсе пайда болады онда. Жапондықтар көп болады. Менің балалық шағымда жапон ыдыс-аяқтары көп болатын, содан кейін бәрін Қытай жаулап алды, ал қазір Жапония біздің нарыққа оралып жатыр, көптеген жапон тауарлары, құрал-жабдықтары болады, салыстырмалы түрде бағасы арзан, әрине бәрінен осы арасы қызық, – деп жауап берген Жұматова.

aikyn.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *