Шырша отын кімдер жақты?

0
154

Тәуелсіздік мерекесін тойла­ған қала халқы кезекті жаңа жыл мейрамына дайындықты баста­ды. Қызылорда қаласының орталық алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Қуаныш Ысқақов, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және әр салада жетіс­тікке жеткен  жастар қатысты. Сондай-ақ, қала тұрғындары да мерекелік шараның куәсі болды.

Айта кетейік, бас шыршаны 2019 жылы аймақ намысын әлемдік және республикалық сайыстарда қорғап, жеңімпаз атанған жастар жақты. Олардың қатарында «Айтыстың Ақтаң­гері» атағын алған Мұхтар Ниязов, КТА ойындарының 2019 жылғы чемпионы Қорқыт құра­масының капитаны Нұрлыбек Асанбаев, 2019 жылғы Қазақстан кубогының иегері «Қайсар» футбол командасының капитаны Думан Нарзілдаев, 2019 жылдың қазақ күресінен әлем чемпионы Нұрым Сәлімгереев, 2019 жылдың «Бала дауысы» республикалық байқауының жүлдегері Сезім Қаһарман, Халықаралық, рес­публикалық олимпиадалардың жүлдегері Ділназ Төлеген бар.

Сондай-ақ, мерекелік іс шара барысында облыс әкімі аймақ халқын келе жатқан мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жолдады.

Қызылорда облысының әкімі Қуаныш Ысқақов:

— «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» дегендей, жаңа жылды — жақсылықтың жаршысы деп қабылдап, әрқашан одан жақсы жаңалықтар күтеміз. 2019 жылдың еліміз үшін де, айма­ғымыз үшін де өзгерістерге толы берекелі де жемісті, жетістіктері мол мерейлі жыл болды. Облыста барлық сала бойынша көрсеткіш­тердің оң динамикасына қол жеткіздік. Мұнай өндіру көлемі азайғанымен, экономиканы әртараптандыруға бағытталған шаралар жақсы нәтиже берді. Өңірімізде айтулы бастамалар мен ауқымды жобалар жүзеге асып, аймақ тұрғындарының әлеу­меттік әлеуеті артып, эко­номи­камыз қарқынды дамыды. Инвестиция тарту, құрылыс, тұрғын үй беру, ауылшаруашы­лығында өнім өндіру, өңдеуші өнеркәсіп көлемі және облыстың әлеуметтік-экономикалық да­муын көрсететін бірқатар көрсет­кіштер бойынша нәтижелерімізді жақсарттық»

Шара басы арнайы қойылым­мен басталып, мерекелік концерт­пен жалғасты. Қызылорда облы­сына танымал өнер иелері сахна төрінде өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

 А.ӘЛИАРЫСТАН

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here