Облыстық сотта әдеп жөніндегі уәкілдің жүргізуімен семинар сабағы өтті

0
279
????????????????????????????????????

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Мөлдір Асанова сот қызметкерлеріне семинар сабағын өткізді.

Іс-шараға облыстық соттың кеңсе меңгерушісі, Соттар әкімшісінің бөлім басшылары, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен қызметкерлері қатысты.

Семинар сабағын ашқан М.Асанова мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, мемлекеттік қызмет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекетті болдырмауға, қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге міндетті екенін айтты.

Шара барысында Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының аға сот приставы Берік Керуенбаев «Көпшілік алдында сөйлеу техникасы» туралы баяндама оқып, слайд арқылы түсіндіріп өтті. Соттар әкімшісінің Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің бас маманы Төрехан Райымбеков «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар профилактикалық мәселелері бойынша» баяндама жасап, бейне сюжет арқылы мысалдар көрсетті.

Семинар сабағында қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегінде өз ойларын білдіріп, өзара пікір алмасты.

Жиынды қорытындылаған М.Асанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы тиіс екенін айтты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here