Байқоңырда дөңгелек үстел өтті

0
245

Байқоңыр қалалық сотында «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының органдары мен мекемелерінің арасында алкоголизммен, нашақорлықпен, туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу мәселесі бойынша өзара іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Телжан Жүсіпов пен судьялар Елена Шевцова, Асыл Изтелеуова, 26-гарнизондық әскери сотының төрағасы Константин Шопин, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Ирина Назарова, Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов, «Байқоңыр» кешенінің прокуроры Александр Трифонов, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы Алтынбек Ахметов, Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешеніндегі ІІМБ бастығы Алексей Кузьмин, Байқоңыр қаласындағы пробация қызметінің бастығы Айдос Танбаев, «Оренбург облысы бойынша жазаны орындау федералды қызметінің қылмыстық атқару инспекциясының» Байқоңыр қаласы бойынша бастығының орынбасары Наталья Федорова, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Байқоңыр» қаласының көп бейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Жандос Әділханов, ФГБУЗ ЦМСЧ №1 ФМБА РФ өкілі Гаини Калдыбекова қатысты.

Отырысқа қатысушылар Байқоңыр қаласында алкоголизммен, нашақорлықпен, туберкулезбен ауыратын адамдарды мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу бойынша екі елдің органдары мен мекемелерінің арасындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Телжан Жүсіпов дөңгелек үстелді ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, өз сөзінде 2019 жылдың 9 айындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, қалалық соттың өндірісінде 64 қылмыстық, 451 азаматтық және 93 әкімшілік іс болғанын, осы қылмыстық істер бойынша 22 тұлғамен алкогольдік масаю күйінде, 9 адаммен нашақорлық масаю күйінде қылмыс жасалғанын, статиска корсеткендей, қылмыстың жартысы жүйелі түрде алкоголь немесе есірткі өнімдерін қолданатын сол бір адамдар жасайтынын айтты. Алайда, соңғы 5 жылда сот өндірісіне алкогольден немесе нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емдеу туралы іс түспегенін, сол себепті осы іс-шараның қаладағы құқықбұзушылықты және судьялардың жүктемесін азайту мақсатында өткізіліп отырғанын жеткізді. Егер алкоголизммен, нашақорлықпен ауыратын адамдарды уақытылы мәжбүрлі емделуге жіберетін болсақ, онда құқықбұзушылықтың ғана емес, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастармен олардан туындайтын дауларға да әсері болады деп пікірін білдірді.

Судья Елена Шевцованың баяндамасына сәйкес, тағы бір мәселе – туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды және емделуден жалтарып

жүргендерді мәжбүрлі емдеуге жіберу талқыланды. Осы уақытқа дейін аталған мәселелер Ресей Федерациясының медициналық мекемелерімен шешілсе, қазіргі таңда «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Байқоңыр» қаласының көп бейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ашылуына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық қызметті осы ауруханада алып жатыр. Ал, бас дәрігер Жандос Әділханов бұл мекемеде нарколог, психиатр дәрігерлердің жеткіліксіз екенін айтты.

Мәселелердің нақты шешімін қабылдау 2020 жылдың 1 тоқсанына қалдырылды.

Дөңгелек үстел қатысушылары облыстық денсаулық сақтау органына «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Байқоңыр» қаласының көп бейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының кадр мәселесін шешу немесе дәрігерлер комиссиясының көшпелі отырысын ұйымдастыру туралы ұсыныс хат жіберу керек деп тауып, бірлескен хаттамалық шешім қабылдады.

Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here