Қызылордада отбасылық кеңес мүшелері азаматтарды қабылдады

0
507

Қызылорда әкімдігінің жанындағы отбасылық кеңестің бірінші отырысында оның басшысы және құрамы сайланып, жұмыс тәртібі мен азаматтарды қабылдау тәртібі анықталды.

Іс-шараға облыстық Билер кеңесінің төрағасы Зейнолла Нұрсейітов, қала әкімінің өкілдері, кеңес пен сот өкілдері қатысты.

Отбасылық кеңестің жетекшісі болып қала әкімінің кеңесшісі Ардақ Ибраимов сайланды. Кеңес құрамына білім беру және жұмыспен қамту бөлімдерінің, «Жан» дағдарыс орталығының өкілдері, медиатор, психолог және адвокаттар кірді.

Отбасылық кеңес алу үшін әр жұма сайын азаматтарды қабылдау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ақпарат жергілікті БАҚ-та жарияланатын болады.

З. Нұрсейітовтің айтуынша, отбасылық кеңес құқықтық кеңес беруге, жастармен, сондай-ақ некені бұзғысы келетін және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жұбайлармен профилактикалық және психологиялық әңгімелер өткізуге бағытталған.

А. Ибрагимов отбасылық кеңес беру кабинеті отбасылық құндылықтарды сақтау жолында жемісті жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Іс-шара соңында отбасылық кеңес мүшелері азаматтарды қабылдады.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here