Спортта жетістік бар ма?

0
130

Қызылорда қаласы әдебиет пен мәдениеттен, спорт пен білімнен алдыңғы қатарда көш бастап келе жатқаны қуантады. Аталған салалар негізінде білікті мамандар мен жетістікке жеткен тұлғарлар саны да жыл санап артып келеді. Атап өтер болсақ, бәсекеге толы спорттық сайыстарда топ жарып, аймақ атын республика тұрмақ әлемдік деңгейде танытуда.

Әкімдіктің баспасөз орталығында спорт саласының осы және өзге де жаңалықтары турасында қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Семсер Сыздықов кеңірек баяндады.

Қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері арасында дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық бұқаралық жұмыстарды жолға қоюға бағытталған облыстық байқаудың соңғы 5 жылдағы қорытындысымен І орын Қызылорда қаласына тиесілі екен.

Елбасымыз 2010 жылғы Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортпен шұғылдану­шыларды 2020 жылы 30%-ға жеткізуді тапсырған болатын.

Қала спортының дамуы бағытында жолдау­лардан туындайтын мәселелер әркез назарға алынып, жұмыстардың атқарылып жатқанына бүгінде көпшілік куә. Нәтижесі де, саланың өрлеу қарқыны да жоғары көрсеткішке ие. Оған 2017 жылы бұқаралық спортпен шұғылдану­шы­лар саны 80 965 адаммен 27,7 пайызды құрап, 2018 жылы бұл көрсеткіш 87 017 адаммен 28,8 пайызға жетуі дәлел болса керек. Ал, 2019 жылы жалпы қала тұрғындарының 30 пайызынан асып 100 449 адамды құраған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаевтың 2 қыркүйектегі Қазақстан хал­қына Жолдауында: «Барлық жастағы ел аза­мат­тары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қам­та­масыз ету керек. Бұқаралық дене шынықты­ру­ды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шыға­тын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп кел­генде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады»- деген болатын.

Қызылорда қаласы көлемінде осы бағытта да  жыл басынан бері нәтижелі істер атқарып келе жатқанын Сыздықов жиын барысында баса айтты.2019жылдың11 айындадене шы­нықтыру мекемелерімен бірлесіп115 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 12 445 адам қамтылған. Қала құрамакомандасы 47 облыстық жарыстарға қатысып, 26 оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Айта кетерлігі, бұқаралық спортты дамыту­дың алғы шарттарының бірі спорттық ғимарат­тардың қолжетімді болуы. Қызылорда қала­сының тұрғындары үшін 2018 жылы 622 спорт­тық нысан болса, бүгінде олардың саны 637-гежеткен. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы тұр­ғындардыбұқаралық спортқатарту бойынша бөлім «Қайнар» спорт клубы қоғамдық бірлес­тігімен тығыз жұмыстар жүргізуде. Шілде айынан бастап қоғамдық бірлестікте жұмыс жасайтын 49 спорт нұсқаушыларыжаттығу өткізетін адамдарсанын80-нен 120-ға көтерді.Нәтижесінде «Қайнар» спорт клубы арқылы бұқаралық спортпен қамтылған адамдар саны 50 пайызға артқан.

Бүгінде қала бойынша әр түрлі спорт түрі­нен жұмыс жасайтын үйірмелер 384-ді құрап,келушілер саны 51648-ге жетті. Нақтырақ айт­қанда үйірмелерге қатысушы оқушылар саны 26791, арнаулы оқу орындарында 9821, жоғарғы оқу орындарында 3899, мүмкіндігі шектеулі жандардың спорт клубтарында 343, спорт федерация­ларында 4207, кәсіпқой спорт клуб­тарында 922,спорт мектептерімен жоғары спорт шеберлігі мектебінде 5665 адам жаттығатын көрінеді. Бұл жыл санап қала халқының дене шынықтыру саласына деген қызығу­шы­лықтарының арта түскенін айғақтайтындай.

Аталған жұмыстар қала төңірегіндегі елді мекендерде де жалғасын табуда. Белкөлкен­тінде,Ақжарма, Қосшыңырау және Қызылөзек ауылдық округтеріндегрэпплинг, жекпе-жек, каратэ, еркін,қазақ күрестеріненүйірмелер ұйымдастырылды. Спорт үйірмелерімен толық қамту мақсаты жүзеге асып, 400-ге тарта ауыл тұрғындары қатысуда. Осындай жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қала мен қалаға қарасты барлық кент, ауылдық округтер 100 пайыз волейбол, баскетбол, футбол және тағы да басқа спорт үйірмелерімен қамтылған.

— Қаламызда орналасқан барлық спорттық нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Ағымдағы жылы пауэрлифтингтен, тоғыз құма­лақ, дойбы, шахматтан үйірмелер ұйымдасты­рылды. Жыл басынан бері қала әкімдігінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар ара­сында 15-ке жуық спорттық жарыстар өткізіліп, оған барлығы 200-ден асаадам қамтылды. Жыл сайын өткізілетін облыстық спартакиадада Қызылорда қаласының командасы І орынды бермей келеді, — деді  Семсер Сыздықов.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы қала тұрғындары да спорт бөлім­нің қолдауынан тыс қалып жатпағанын қоса айтты. Әр ай сайын 80 аз қамтылған, көп балалы отбасындағы балаларға және қала жастарын қолжетімді спорт инфрақұрылымы­мен қамту бойынша «Евразия», «Мұз айдыны» спорт кешендеріне жолдамалар үлестірілуде екен.

Осы жылы аталмыш саланың өрістеуі үшін қолдау білдірушілер қатары да артқан. Жеке кәсіпкерлер Сәулеттұрғын ауданынан «Ерасыл» спорт кешенін, Белкөл кентінен «Белкөл» спорт кешенін, қалалық демалыс паркінен 2 футбол алаңын салуға септіктерін тигізіп, халық игілігі үшін пайдалануға берген.

Қызылорда қаласындағы спорт саласының дамуы үшін бөлінген 175 млн.теңге орынды игеріліп, қаламыздың әр аумағынан10 дене жаттығуларына арналған және 10 шағын футбол алаңдарына тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінде Ыбырай Жақаев көшесінің бойынан стритбол алаңы салынуда. Сондай-ақ, 61 ойын және 56 спорт алаңдарынасырлау, жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен конференция барысында атқарылған жұмыстар ғана айтылмай, биылғы жылы жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздардың есімдері де аталды.

Қызылорда қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Семсер Сыздықов:

— Қалаға қарасты «Қажымұқан» клубында спорттың 11 түрінен үйірмелер ашылып, онда 1000-нан аса тұрғын спортпен шұғылдануда. Осы жылы аталмыш клуб спортшылары Әлем, Азия және ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 121рет жеңіс тұғырынан көрініп, 7 спортшы жеңімпаз атанды. Мәселен, Бахрейнде ММА-ден өткен Әлем чемпионатында Әділсерік Ғани әлем чемпионы атанса, Италияда панкратионнан өткен бәсекеде Есқараев Олжас ІІ орынды еншіледі. Сондай-ақ, осы Италияда ММА-денөткенӘлем чемпионатынан Қуанышбай Ерасыл ІІІ орынды алды. Әзірбайжанда грэпплингтен өткен сайыстан Айғаным Бектібаева, Нұртілеу Нұрадинов және ардагерлер арасында Есіркеп Сейтбек қола жүлделерді жеңіп алды. Нұр-Сұлтан қаласында грэпплингтен өткен Әлем чемпионатынан Ақылбаева Мархаббат ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, сол турнирде 8 алтын, 3 күміс, 5 қола медальды және Ақтөбе қала­сында ұлттық жекпе-жек түрлерінен өткен рес­пуб­ликалық жарыста 2күміс 1 қоламедальды, Нұр-Сұлтан қаласында өткен асық ату чемпио­натынан Қызылорда қаласының командасы ІІІ орынды еншіледі. Бұл көрсеткіш спорт сала­сына тиісті атқарылған жұмыстардың жемісі мен нәтижесі деп қабылдауға болады. Алдағы уақытта да ұйымдастырылатын әлемдік дең­гей­дегі сайыстарда біздің мақтаныштарымыз жеңіспен ғана оралады деген сенімдеміз.

2019 жылдың тағы бір жетістігі ретінде, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тікелей қолдауымен өткізілген халықаралық және республикалық деңгейдегі 6ауқымды іс-шараларды да айтуға болады. Бұл жобада еліміз бен әлемнің 8мемлекетінен 1252 спортшы бақ сынасқан. 

Сондай-ақ, қала күні мерекесі аясында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 3 мыңға жуықспортшыларды қамтыған11 жарыс өткі­зіл­ді.Ауқымды жобасы ретінде жеңіл атлети­калық кіші марафон саналып, оған 1500-ге жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан.

11 ай бойында атқарған жұмыстарды пысықтаған бөлім басшысы сөз соңында алдағы жоспарларын да тізіп шықты. Облыстық жобалық кеңсеге стритбол, президенттік көп сайыс, үстел теннисі, қол күрес және ұлттық спортымыз асық атудан жалпы сомасы 57,3 млн. теңге негізінде ұсынылған 5 жобадан үстел теннисі қолдау тапқан. Соған сәйкес, алдағы уақытта қаламыздың 10 мектебіне 40 үстел теннисі орнатылады және 400-ден аса адамды қамтитын үйірмелер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, алдағы ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, «Мұз айдыны» спорт кешенінде тұңғыш рет үстел теннисінен қала әкімінің жүлдесіне арналған турнир өткізіледі. Оған еліміздің әр өңірінен 200-ге тарта спорт­шылар қатысады деп жоспарлануда.

А.ӘЛИАРЫСТАН

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here