«ӨШПЕСІН ЖАРЫҚ!»

0
109

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлы­бек Нәлібаевтың төрағалымен қала басшылығының аппараттық мәжілісі өтті. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық электр тораптары басқармасының тараптары­нан атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер айтылды. Қалалық электр тораптары басқармасының директоры Дінмұхамед Әбідреевтың баяндама­сынан соң жиналысқа қатысушылар қосымша сауалдар қойды.

Қалалық электр торабы Басқарма­сының меншігінде 27 дана 10 кВ орталық тарату пункті, 515,51 шақырым 10 кВ әуе желісі, 627,37 шақырым 0,4 кВ әуе желісі, 84,03 шақырым 10 кВ жер асты кабель желісі, 29,6 шақырым 0,4 кВ кабель желі­сі, 423 дана 10/0,4 кВ қосалқы станция бар.

Қалалық электр тораптары басқарма­сының директоры Д.Әбідреев:

Қалалық электр торабы Басқарма­сына қарасты аймақтар:

1. «Орталық» электр торабына қаланың орталық аймақтары

2. «Қызылжарма» аудандық электр торабына Қызылжарма ауылдық округі, Титов, Гагарин, Шанхай, Жаңа ауыл, КБИ, Аль-Фараби шағын аудандары

3. «Тасбөгет» аудандық электр торабына Тасбөгет, Белкөл кенттері, Ақжарма, Ақсуат, Махамбетов, Талсуат, Қызылөзек, Қосшыңырау, Қарауыл­төбе, Иіркөл, Бірқазан ауылдық округ­тері қарайды. Қалалық электр торабы басқармасында 2019-шы жылға жоспар­ланған жөндеу жұмыстары орындалды. Мәселен,

І. Күрделі жөндеу жұмыстары — оның ішінде 38,4 шақырым көлемінде 10 кВ әуе желісіне, 13,4 шақырым 0,4 кВ әуе желісіне және 10 дана 10/0,4 кВ қосалқы станцияларға жасалды.

ІІ. Ағымдағы жөндеу жұмыстары — оның ішінде 8,4 шақырым көлемінде 10 кВ әуе желісіне, 4,8 шақырым 0,4 кВ әуе желісіне және 4 дана 10/0,4 кВ қосалқы станцияларға жасалды.

Евразия Қайта құру және Даму банкі несиелік шарты аясындағы 10/0,4 кВ электр тораптарын жаңғырту бойынша «2017-2020 жылдарға арналған кернеуі 10/0,4 кВ электр желілерін қайта құру және жаңғырту» Инвестициялық бағдарлама­сымен орындалып жатқан Қызылорда қаласы, темір жолдың арғы беті Шанхай бөлігінде 38 дана 10/0,4 кВ қосалқы стансасын жаңғырту және 14 дана 10/0,4 кВ қосалқы стансасына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланып, бүгінгі таңда орындалуда.

Мердігер «АСПМК-519»-бен шарты бойынша «Төмен және орта кернеудегі тарату тораптарының модернизациясы», «Қосалқы станцияларына электр энер­гиясын есепке алудың заманауи аспап­тарын жеткізу, орнату және (АСКУЭ-ге) Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосу».

Қайта жаңартылатын 10/0,4 кВ әуе желілерінің ұзындығы:

— 0,4 кВ ӘЖ – 291,93 шақырым;

— 10 кВ ӘЖ — 93,02 шақырым;

— 10/0,4 кВ қосалқы станциялар – 70 дана;

— 10 кВ орталық тарату пункті – 1 дана;

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі Қызылорда қаласы, «Жаңа-Арық» 35/10 кВ қосалқы станциясынан электр энергиясын алатын 4221 дана бірфаза­лық тұтынушылар мен көпқабатты тұр­ғын үйлердің 1448 дана  10/0,4 кВ қосалқы станцияларына, 10 кВ Орталық тарату пункттеріне, үй ғимараты ішіндегі ВРУ-0,4 кВ электр қондырғыларына енгізілді.

Бүгінгі таңда мәселе болып отырға­ны: қала және қалаға қарасты елді мекендерде талапқа сай емес электр желілері бар.

2016-2017 жылдары талапқа сай емес электр желілерін жоюға 400,0 млн. теңге бөлінген. «Сабалақ», «Эдельвейс», «Қы­зылжарма-9», Талсуат, Арай, СПМК-70, Әл-Фараби және тағы басқа елді мекен­дерде 13,38 шақырым 10 кВ әуе желісі, 50,22 шақырым 0,4 кВ әуе желісі тар­тылып, 13 дана 10/0,4 кВ қосалқы станциялары орнатылды.

Нәтижесінде, талапқа сай емес электр желілерінің ұзындығы 185,54 шақырымнан 121,94 шақырымға дейін азайтылды.

Талапқа сай емес электр желілерін жою жұмыстарын жалғастыру үшін 93,516 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. «Сабалақ» саяжай серіктестігі мен «Медик», «Монолит», «Обувщик», «Мелиоратор», «Дорожник» учаскеле­рінде жұмыс жасау жоспарланған.

Аппараттық мәжіліс соңында қала әкімі электр тораптары басқармасына жыл соңына дейін атқаруға тиісті жұмыстарды пысықтады. Қаладағы және елді мекендердегі білім мекеме­лерінің ауласындағы электр станцияларының қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалауға және  қала аумағындағы қосалқы электр станциялары мен бағаналарына әрлеу жұмыс­тарын жүргізіп отыруды тапсырды. Сондай-ақ, электр жары­ғын тұрақты түрде берілуін қамтамасыз етуді де басты назарға алды.

А.ӘЛИАРЫСТАН

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here