QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Аудан әкімі Р.Рүстемовтің айтқандары рас па?

Автор:QAA.kz

Дек 5, 2019

Қызылорда облысына қарасты аудандардың бірқатары жыл сайын көркейіп, заман талабына сәйкес жаңа қарқында жан-жақты даму үстінде. Сырдария ауданы да биыл әлеуметтік-экономикалық бағытта жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Аудан халқының  хал-ақуалдары жақсарып, күрмеуі шешілмеген біраз мәселелер оң нәтижесін беруде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында аудан әкімі Руслан Рүстемов баяндап, жыл бойы атқарған жұмыстарын мәлімдеді.

   2019 жылы Сырдария ауданы бойынша 21 050 гектар жерге күріш дақылы егіліп, орташа есеппен гектарынан 63,5 центнерден өнім алынған. Нәтижесінде, 1 млн. 337 мың 533 центнер астық жиналған. Сонымен қатар, мал шаруашылығы да ілгері басып, мүйізді ірі қара 768 басқа көбейген.

    Аудандағы кәсіпкерлік саласына ынталы тұрғындар үшін де қолайды жыл болды. Жыл басынан бері кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы бағдарламалары бойынша 763,6 млн теңгенің 285 жобасы қаржыландырылып, 269 жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, ауданда жұмыссыздық деңгейі төмендеп, 650 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. 

     Жастар жылы аясында аудан деңгейінде ауқымды істер атқарылды. Мысалы, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” жаңа ғимаратқа көшірілді. Орталықта аудан жастары үшін демалыс орны, конференция залы және жастарға кеңес беру бөлімі қызмет жасауда. Сондай-ақ, кәсіппен айналысуды көздеп, түрлі жобаларын ұсынған жастарды қолдау мақсатында “Тереңөзек жастары” қоғамдық қоры құрылған. Бүгінде 22 жасқа мемлекеттік грантқа қатысу үшін 3,6 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Айдарлы, Шіркейлі, А.Тоқмағанбетов, Ақжарма ауылдық округтерінде “Жастар бригадалары” құрылып, 47 жас маман жұмыспен қамтылған.

  Сырдария ауданы білім мен денсаулық саласының өрістеуі жолында да көш бастап тұр. Аудан бойынша ең көп қаржы бөлінетін салалар тізімі де осы. Өйткені, бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейі мен халықтың денсаулық жағдайы аудан әкімінің басты назарында.

    ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 88 баллды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,98  баллға жоғарылады. 

     Биылғы жылы дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында ауданға 9 маман қызметке алынған. Аталмыш сала иелерін қамтылу деңгейі 95 пайыздық көрсеткішке ие болған. Сондай-ақ, 2019 жылы келген 9 дәрігердің 3-не қызметтік пәтер берілді.

  Ауданды көгілдір отынмен қамту жұмыстары да жүзеге асуда. Биылғы жылы 9 әлеуметтік нысанды газға қосуды жоспарласа, алдағы жылы 11 әлеуметтік нысанның қазандықтарын газға лайықтандыру үшін жобасы орындалады деп күтілуде.

  Сондай-ақ, Сырдария ауданында Жетікөл елді мекенінен басқа аудан тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Бесарық және Жетікөл ауылдық округтерінің тұрғын үйлеріне дейінгі ауыз су жүйелерін жүргізуге тиісті қаражат бөлінсе, су мәселесі толық шешімін табады деп жоспарлауда.

    Сонымен қатар, Сырдария ауданында мәдениет пен спорт саласының даму жолында әртүрлі шараларды ұйымдастырылуда. Облыс және республика көлеміндегі сайыстардан жүлделі оралып, жеңімпаз атанған жастар саны да аз емес.

 Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов:

— Ауданымыздан шыққан елімізге танымал ақын-жазушылар, өнер және мәдениет қайраткерлері көп. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында олардың шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа үлгі ету – бәріміздің ортақ міндетіміз.  Ауданда “Дәстүрлі жыршы-термешілер мен жас ақындар клубы” құрылды. Клубка айтыскер ақын “Алтын Домбыраның” 2 мәрте иегері Мұхтар Ниязов жетекшілік жасайды. Алдағы уақытта мәдениет саласы бойынша қоғамдық-саяси маңызы бар шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес және Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы мен Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауын насихаттау мақсатында мәдени шаралар ұйымдастыралатын болады. Сонымен қатар, аудан бойынша 10 мыңнан аса адам спортпен тұрақты түрде шұғылдануда. Аудан спортшылары жыл басынан бері 17 командалық және 283 жекелей жарысқа қатысып, 300 жүлделі орындарлы иеленді. Алдағы уақытта елді мекендердегі пайдалануға жарамсыз 11 спорт алаңың күрделі жөндеу үшін тиісті жұмыстарды жүргіземіз.

Жиын соңында БАҚ өкілдері арқылы атқарылған жұмыстарын мәлімдеген аудан әкімі алдағы жоспарларымен де бөлісті.

   А.Әлиарыстан

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *