Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

0
18
????????????????????????????????????

Жуырда ғана Ресей Федерациясы, Краснодар өлкесіне қарасты Анапа қаласында өткен «UNIFIGHT» әмбебап жекпе-жек спортынан әлем чемпионатында аралдық екі бірдей спортшымыз – Әліби Болатұлы мен Фараби Сауытбаев алтыннан алқа тағынып, әлем чемпионы атанды.

Бүгінде Арал өңірінің ғана емес, барша ел мақтанышы болған жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов бастаған қолдаушылары мен белсенді жастар ыстық ықыласпен қарсы алды.

Одан әрі әлем чемпиондарын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы қабылдап, айтулы жеңісімен құттықтады.

????????????????????????????????????
????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

— Айдынды Аралдың қос бірдей азаматы әлем чемпионы атанды деген хабарды естігенде төбеміз көкке жеткендей болып, бойымызды айрықша қуаныш кернеді. Байрақты бәсекеде әлемді аузына қаратып, қарсыласын тізе бүктіру бірінші кезекте тәжірибеге, шеберлікке байланысты болса, содан кейін өр намыстың арқасы деп білемін. Сіздердің айқын жеңістеріңіз барша қазақ елінің жеңісі, оның ішінде Сыр елінің абыройы, — деп ақжарма тілегін жеткізіп, арнайы құттықтау хаты мен демеушілер есебінен тиісті деңгейде сый-сыяпатын табыс етті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы ұлттық құрама делегациясының мүшесі №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Серік Алмагамбетов әлем чемпионатының командалық есептегі екінші орынға берілген кубогын және бүкіләлемдік «UNIFIGHT» федерациясының президенті Сергей Новиковтың Қазақстан Республикасы аймағында «UNIFIGHT» спортын дамытуға және қолайлы жағдай туғызуға сіңірген еңбегі үшін Арал ауданы әкімі М.Оразбаевқа жолдаған алғыс хатын табыс етті.

Атап өту қажет, ағайынды аралдық спортшылар аудан тарихында осы спорт түрінен тұңғыш әлем чемпионы атағын алып отыр.

Е.Жалғасбаев

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here