Мұхтар Тайжан жол апатының не себепті көбейіп кеткендігін айтты

0
107

Соңғы жылдары жол апаттар көбейіп кеткені рас. Бұның басты себептері неде?

1. Бірінші себеп — жемқорлық деп есептеймін. Права саудаға баяғыда түсіп кетті, ешкім жол ережелерін жөн оқымайды, оқытпайды да.

2. Кедейшілік. Мен жылда ең кемі 10 мың шақырым жол жүрем, рульде өзім отырам. Сонда байқағаным, кей ескі көліктер тіпті сол фарасыз жүреді, түнде ол ерекше қауіпті! Дөңгелектері де ескірген, сапасыз.

3. Жолдардың сапасы. Қазақстанда тәуір жолдар бар, бірақ түгел емес әрине. Кей жолдар тым жіңішке.

Бізде жылда тым көп адам жол апаттан мерт болады. Құрбандарды азайту үшін бұл басты себептерін түзету керек деп ойлаймын.

Мұхтар Тайжанның фейсбук парақшасынан

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here