Қызылорда — Құмкөл автожолында жолаушылар автобусы аударылды

0
81

3 желтоқсан күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» құтқару қызметіне 04 сағат 25 минутта «Құмкөл-Қызылорда» автожолының 70-ші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт алған, ішінде 36 жолаушысы бар автобус аударылғандығы жөнінде хабарлама түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов мәлімдеді.

«Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары шығып, 05 сағат 50 минутта жетіп, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайлар орнында анықталған 36 жолаушының 7-і оқиға орнында қаза болса, 1-уі жедел-жәрдем қызыметімен ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болған», -деді Омар Құмарұлы.

Қызылорда қаласына әртүрлі жарақатпен жедел медиицналық автокөліктермен 21 адам жеткізілді. Оның 15 -і орташа деңгейде жарақаттанса, 6 азамат ауыр жарақат алған. Қазіргі таңда оқиға орнында Төтенше жағдайлар департментінен 16 қызметкер, 5 бірлік техника, апаттар медициналық орталығынан 5 қызметкер, 1 бірлік техника, жедел -жәрдем мен санитарлық авиациядан 16 қызметкер, 6 бірлік техника, барлығы 69 қызметкер, 22 техника жұмылдырылды.

«Облыстық көпбейінде ауруханасына 17 азамат жарақатпен жеткізіліп, оның 5 -уі жансақтау бөліміне орналастырылды. Қалалық ауруханаға 4 адам жеткізіліп, оның 1-еуі жансақтау бөлімінде. Зардап шегушілерге медиицналық көмек көрсетілуде, қажетті дәрі-дәрмек, қан плазмалары жеткілікті»- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Искаков.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here