Жанболат пен Жазира 22 жылдан кейін қызды болды

0
287

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар отбасылық жұп Жанболат пен Жазира тұңғыш ұлдары дүниеге келгеннен кейін 22 жылдан соң қызды болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отбасындағы бұл сүйінші жаңалықпен қос әншінің ұлдары Қазыбек Қожахметов өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

Халық сүйіктілері 22 жылдан кейін көрген қыздарына «Дара» деген есім беріпті. Мұндай ерекше атты Қазыбектің өзі қойған.

«Бұл жаңалыққа алғаш сіздер куә болып тұрсыздар. Өмірге бір адам ел жаулау үшін, бір адам ел басқару үшін, бір адам махаббаты үшін, ал мен жанұяма қызмет ету үшін келдім.

Ата-анама тек баласының рөлін сомдап емес — досы, директоры, қамқоршысы, көмекшісі, екі жұптың халықты қуантуға септігін тигізуші ретінде Құдайдың маған берілген тапсырмасын түсінгендеймін.

Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ, Дара есімін қойған себебім, 22 жыл үзіндіден кейін табылған, ерекше күнтізбеде туылған, біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы Қазақ елінде туылған, ерекше -Дара атқа ие болды!», — деп сүйінші жаңалығымен бөлісті Қазыбек.

Отбасылық жұптың мұндай тосынсыйы оқырмандарды да бей-жай қалдырмаған. Олар өнерлі жанұяға тек жағымды пікірлер жазып, қуаныштарына ортақтасқан.

«О, құтты болсын, жолы ашық болып, биіктерді бағындырсын!», «Қуаныштарыңыз құтты болсын!», «Алланың берген сыйы ғой. Ғұмырлы болсын!», «Бауы берік болсын!Алла ұзақ ғұмыр берсін!», — деп жазды оқырмандар.

Жазира Байырбекова болса әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жаңалықтың бірнеше ай бұрын орын алғанын жазған.

Сондай-ақ, ол қуаныштарына ортақтасып жатқан жанкүйерлеріне алғыс білдірген.

«Біз үшін өз қуанышындай қуанатын мейірімді жүректеріңізден айналдық! Сіздердей тілекшілеріміз аман болса, біздің де бақытымыз еселене бермек!», — деді ол.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here