QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Танымал актер Тәуекел Мүслім үйленді

Автор:QAA.kz

Ноя 25, 2019

Талай қыздың арманы болған Тәуекел Мүслім шаңырақ көтерді. Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып жан досы Бауыржан Сатов желідегі парақшасында бөлісті.

Күні әлеуметтік желіде тараған суреттер жұртты шулатты. Себебі, бұл суреттер актер әрі әнші Тәуекел Мүслімнің шын мәнінде шаңырақ көтергенін білдіргендей болды. Бұл қуанышты өзі бөліспесе де, жақындары мен желі қолданушылары жарыса құттықтап жатыр. 
«Тәуекел Мүслім, бақытты бол. Апаммен бірге тойға барып қайттық», — деп жазды Бауыржан Сатов. 
Қалыңдық Махаббат Түктібаева да желідегі парақшасында сырға салу сәтінің суреттерін бөлісті. 
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде жүрекжарды тілектерін жеткізді. 
«Бақытты бол! Жан-жарың адал болсын. Анаңды сыйласын», «Қосағыңмен қоса ағар. Бақытты болыңдар!», «Талай қыздың арманы болған Тәуекел, бақытты бол», «Мың қыздың арманы, бір қыздың бағысың ғой» деп жазды желідегілер. 

stan.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *