Талантты жастардың талабын таразылайтын сәт

0
198

Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы баспасөз орталығында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Қаюповтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Оған қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Досмаханов және «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының төрағасы Н.Мәлік қатысты. Брифингте қаламыздағы жалынды жастары­мызға дәстүрлі «Самғау» сыйлығын тапсырудың биылғы талабы жайында кеңінен мағлұмат берді.

Жалпы талантты жастарға берілетін Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» сыйлығы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жылдағы үрдіске сай жастар сыйлығына құжат тапсыру ережесінде өзгеріс жоқ. Аталмыш марапатқа өзін лайық деп санайтын 14 пен 29 жас аралығындағы қала жастары қатыса алады. Оған құжат қабылдау 15 қараша мен 9 желтоқсан аралығында жүргізілетін болады.

Жыл сайын бұл марапатқа үміткерлер арнайы комиссия мүшелерінің таразысынан өтіп, анықталып келеді. Соның негізінде қаламыздың көркеюіне сүбелі үлес қосып жүрген талабы таудай жастардың еңбегі таразыға салынып, үздіктер қатарынан көрініп, марапатқа бөленіп келеді. Сайыс қорытындысымен оқ бойы озық 10 жастың әрқайысысына 100 мың теңгеден грант табысталатын болады. Шараға қатысушылар өздерін еркін таныстыруға немесе слайд арқылы таныстырылым өткізуіне болады. 

Бұл дәстүр биыл да жарасымды жалғасын таппақ. Өзін осы марапатқа лайық санайтын барлық жас буын өкілдеріне жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын өткізіп, бағын сынауға биыл да мүмкіндік беріліп отыр. Брифингте тиісті мекеме басшылары осы жайында кеңінен түсіндіріп, қаламыздағы барлық салада жемісті еңбек етіп жатқан талапты жастарды осы шарада өз бақтарын сынауға шақырды.

Е. ЖАЛҒАСБАЕВ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here