Ел абыройын еселеген жастар марапатталды

0
266

Мәдениет пен спорт саласында жаңа толқынның көшін бастап, республикалық ғана емес әлемдік сахналарда топ жарған қызыл­ордалық таланттыларымыздың саны жыл санап артуда. Еліміздің абыройын асқақ­татуды мақсат тұтқан сол жастары­мыздың бірқа­тары Халықаралық сайыстардан жеңіспен оралды. Қала әкімі Нұрлы­бек Машбекұлы Ресей Федерация­сы, Қара теңіз жаға­лауында өткен XХXV «Крис­талды Магнолия» Халық­аралық жас орындаушылар­дың фестивалінде бас жүлде иегері атанған – Қарақат Базарбай, ІІ орын иегері – Саят Сарманбек және көркем сөз жанры бойынша І орын иегері атанған Хорлан Саин есімді жеңімпаздармен, Корей елінде жасөспірімдер арасында өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанған Рахат Бекболатты құттық­тап, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтар­мен марапаттады.

Жеңімпаздар бүгінге дейін әлемдік сайыстардан да жүлделі орындарға ие болған. Мәселен, Қарақат Базарбай 9 жасынан бастап халықаралық байқаулар­да талай биіктерді бағындырып келеді. Балалар мен жасөспі­рімдердің шығармашылығына арналған І халық­аралық «Дарын» конкурсында І орын, І Халықара­лық «Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер байқауында бас жүлде, Болгарияда өткен халық­аралық байқауда әлемдік хит әндері мен фольклор номинация­сынан Алтын медаль, Киркоровтың әндерінен күміс медаль иегері атанған. Ал, 15 жастағы Рахат бүгін­нің өзінде ауыр атлети­кадан Қазақ­стан Респубикасының «Спорт ше­бері» атағына ие болған. Ол ауыр атлетикадан жасөспірімдер ара­сын­да Әлем чемпионы. 2019 жыл­дың наурыз айында Лас-Вегас қаласында өткен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында жұлқа, серпе және қоссайыс нәти­жесінде 2 алтын және 1 күміс меда­лінің иегері.

Жеңіс тұғырынан көрінгендердің талабын шыңдап, жетістіктерге жетуіне сеп болған ұстаздарының ерең еңбектері өлшеусіз. Қала әкімі жеңімпаздардың ұстаздары мен жаттықтырушыларының да еңбек­терін бағалады. А.Тоқмағамбетов атын­дағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Сыр сандуғаш­тары» ән үйірмесінің жетекшісі Есмұрзаева Бағдагүл Саинқызы және ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ­станның құрметті спорт қайраткері Пак Вилорий Викторович пен ауыр атлетикадан облыстың аға жаттық­тырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сма­ханов Нұржан Дәуренбекұлының еңбегін ерекше бағалап, Қызыл­орда қаласының ең жоғарғы наг­радасы «Құрмет» Грамотасын табыстады.

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев:

— Бүгінгі қол жеткізген жетістік­теріңіз тек сіздердің ғана емес, тұтас еліміздің, мемлекетіміздің мақта­нышы. Тәуелсіз Қазақстан дамудың жаңа сатысына қадам басқан, саяси-экономикалық және рухани өмірінде елеулі істерді еңсере білетін беделді мемлекетке айналуда. Қадамымыз құтты, әрі сәтті болуы үшін Қазақстан бәсе­кеге қабілеттілігін одан әрі еселеуі тиіс. Мұндай аманат жүгін арқалау сіздерге, ұлы даланың перзентте­ріне жүктеледі. Себебі, Қазақстан­ның жаңа табыстары мен болашақ жеңістері  жүрегі оттай лаулаған өзде­ріңіздей жастарымыз­дың қолын­да. Алдағы уақытта да біз сіздермен бірлесіп, ел игілігі жолын­дағы талай жобаларды жүзеге асырамыз.

Сондай-ақ, кездесу барысында жеңімпаздар ән шырқап, өлеңдерін оқыды. Сөз тізгінін алған ұстаздар мен жаттықтырушылар жас өнер­паздарға қолдау көрсеткендігі үшін қала әкімдігіне және мәдениет саласына алғыстарын білдіріп, болашаққа деген жоспарларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.

«Сыр сандуғаштары» ән үйір­месінің жетекшісі Б.Есмұрзаева:

 — “Сыр Сандуғаштары” үйірмесінің құрылғанына 5 жыл болды. Осы уақыт аралығында қатысушы өнерлі жастарымыз әртүрлі байқауларда бақ сынап, жеңіспен оралуда. Бұл да біздің кезекті қуанышты сәттеріміздің бірі. Балалардың өнерге деген құштарлығын бағалап, арнайы құттықтап жатқаныңызға барлық өнерпаздар атынан алғыс білдіреміз. XХXV «Кристалды Магнолия» Халық­аралық жас орындаушылардың фестивалі 17 жылда 35-рет ұйымдас­тырылған екен. Байқау өнердің барлық түрін қамтыды. Мысалы, аспапта орындау, актерлік шеберлік, ән айту, би билеу, қолөнер секілді салалар бойынша өткізілді. Әр жанр бойынша 4 мемлекеттен келіп қатысқан 100-ге жуық өнерпаздардан бас жүлдеге әр қатысушы лайық болды. Осыдан екі ай бұрын да шет елдіктер ұйымдастырған додаға қатысып, 8 мемлекеттің ішінен алтын жүлдеге ие болып қайттық. Әрине, өнерлі жастарға сіздердің тарапта­рыңыздан материалдық және рухани қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз керек. Бұл байқауға да өзіңіздің және Сыр елінің сенімін арқалағандықтан болар, балаларымыз намысқа тыры­сып жеңіспен оралуды ғана мақсат етті. Болашақта да өнер әлемінің дамуына үлес қосып, айма­ғымыздың атын әлемдік сахналардан шығаратын өнерпаздарды тәрбие­лейміз. Сон­дай-ақ, талай өнер дода­ла­рынан жеңіспен ораламыз деген сенімдеміз.

А.ӘЛИАРЫСТАН

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here