ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН

0
17

Апта басында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен қала әкімдігінің аппарат мәжілісінің күн тәртібінде «Қысқы маусым кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы» мәселесі қаралды.

Мәжіліс күн тәртібіне кіріспес бұрын қала әкімі әкімдік аппаратында болған кадрлық өзгеріс­термен таныстырып өтті.

Қызылорда қаласы әкімі­нің өкімімен 2019 жылдың
31 қазанынан бастап Қожах­метов Ғабит Тындыбек­ұлы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас­шысы қызметіне тағайындалды.

Ғабит Тындыбек­ұлы 1977 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауда­нында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1994 жылы Алматы құрылыс және менеджмент коллед­жін «тех­ник-құрылысшы», 2004 жылы Қазақ ұлттық техни­калық университетін «инже­нер-мұнайшы», 2019 жылы «Болашақ» университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1993 жылы «Қаршыға» фирмасында аға шебер қызметінен бастап, облыстық энергетикалық инфрақұрылым және мине­рал­дық ресурстар басқар­масында бас маман, об­лыстық сәулет және қала құрылысы басқармасында 2005 жылдан бастап бас маманбөлім бас­шы­сы қызметтерін абыроймен осы кезге дейін атқарып келді, — деп таныстыра келіп Н.Нәлібаев жаңа басшының осы саладағы тәжірибесіне сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Қаланың сәулет және құрылыс саласына үлкен үлес қосады деп сенеміз. Абырой биігінен көрінуіңізге тілек­теспіз, — деді қала әкімі. 

Тағы бір кадрлық өзгеріс: 2019 жылдың 29 қазанынан бастап Әбдіреев  Дін­мұханбет Сейдулла­ұлы қалалық электр тарату то­рап­тары басқармасының  директоры лауазымына тағайындалыпты.

— Дінмұханбет Сейдул­ла­ұлы, 1962 жылы Қызылор­да облысының Шиелі ауда­нында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1986 жылы Қызылорда поли­тех­никалық техникумын «тех­ник-электрик», 1999 жылы «Қорқыт Ата» атындағы Қы­зылорда мемлекеттік универ­ситетін  «экономист» ма­мандықтары бойынша аяқ­таған.

Еңбек жолын 1981 жылы «Қызылорда күріш маш» ме­кемесінің темір жонушы (токарь) қызметінен бастап, Қызылорда электр тарату тораптары компаниясында  электромонтер, бас инженер, Шиелі аудандық филиалының басшысы қызметін абыроймен атқар­ған.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда электр тарату тораптары компания­сының электр жаб­дығы­ның сенімділігі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Дінмұханбет Сей­дул­лаұлы, Сізге де жауапкер­шілігі зор қызметіңізге сәт­тілік тілей отырып,  білікті  және кәсіби тәжірибеңізбен осы саланы дамытуға үлкен үлесіңізді қосады деген сенімдеміз. Жаңа қызметіңіз құтты болсын, — деді қала әкімі.

 * * *

Қалаға қарасты Қызыл­жарма ауылында және де әкім сайлауы өтпек. Осы кезге дейін Қызылжарма ауылының әкімі қызметінде болған Бауыржан Оспанов «облысқа кетіп барады» екен. Осы орайда қала әкімі:

— Бұған дейін Қызылжарма ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген Оспанов Бауыржан Әліпбайұлы, облыстық табиғи ресурстар және таби­ғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының  орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бауыржан Әліпбайұлы өзінің біліктілігі мен талап­шыл­дығына қоса, қара­пайым­дылығымен әріптес­терінің арасында зор абырой мен беделге ие болып, Қызылжарма ауылдық окру­гінің әлеуметтік-экономи­калық дамуына өз үлесін қосты, — дей келіп, жиынға қатысып отырған бұрынғы ауыл әкіміне қарата:

— Сізді де, жаңа қыз­ме­тіңізбен құттықтаймыз, ал­дағы істеріңізге табыс тілейміз.

Ендігі кезекте қаланың Алғыс хатымен мара­пат­тауға рұқсат етіңіздер, — деп марапат табыстады.

Өз кезегінде Б.Оспанов та қала әкімі мен аппараттағы әріптестеріне алғыс лебізін білдірді. «Бір командада бірлесе жұмыс атқардық, рахмет, алдағы уақытта бір­лесе жұмыс жасаймыз. Жақсы күндерде кездес­кен­ше», — деді алғыс, абыроймен жаңа белесті бағындыруға бет алған мемқызметші.

Иә, қашан да халық қыз­метшісінің қайсыбіріне де әрбір қызмет сатысы абы­ройымен мығым да биік болса керек.

* * *

Мәжіліс күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық төтенше жағдайлар басқар­масы бастығының міндетін атқарушы Ерболат  Бер­дәу­летұлы Серманов баяндама жасады.

— Қызылорда қаласы Тө­тен­ше жағдайлар басқарма­сының қызметкерлерімен жыл сайын жылу беру мау­сымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығы, мүлікті және қоршаған орта­ны өрттен қорғау бағытында кешенді іс-шаралар атқа­рылуда.

2018 жыл көлемінде Қызылорда қаласы бойынша тұрғын үй секторында 156 өрт оқиғасы орын алды, өрттен 8 адам қаза болып, 3 адам жарақат алды. 2019 жылдың 10 айында 131 өрт оқиғасы орын алып, өрттен
5 адам қаза болды (оның ішінде: 3 жасөспірім бала), 4 адам жарақат алған.

2018-2019 жылғы жылу беру маусымы кезеңінде көмірқышқыл газына улану фактісі бойынша 2 жағдай тіркеліп, олардан барлығы 6 адам оның ішінде: 5 жас­өспірім балазардап шегіп, емдеу орындарына жүгінген.

Сонымен қатар, табиғи газға улану фактісі бойынша 1 жағдай тіркелген, 1 адам зардап шекті.

2019 жылдың 10 айында жылу беру маусымы кезе­ңінде түтінге улану фактісі бойынша 1 жағдай тіркеліп, 3 адам оның ішінде: 2 жас­өспірім бала зардап шегіп, емдеу орындарына жүгінді.

Сонымен қатар, табиғи газға улану фактісі бойынша 2 жағдай тіркелген, 2 адам зардап шегіп, емдеу орын­дарына жүгінген. Атап айт­қанда бұл көрсеткіштер жылдан-жылға көбейіп келеді.

Орын алған жағдайларды талдайтын болсақ, көптеген жағдайлар тұрғындардың өрт қауіпсіздігі шарала­рына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештер­дің техникалық жағ­дайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан және ішімдік ішіп масаң күйде болуынан өрт оқиға­ларына әкеп соқтыруда.

Сонымен қатар қазіргі таңда көмір сапасының нашар болуына байла­нысты, яғни өз дең­гейінде дұрыс жанбауы салдарынан бықсып тұрады. Осылайша түтін моржа жолына жиналып өзінің бір деңгейіне жеткенде түтін үй ішіне тарайды. Талаптарға сәйкес жылу беру мау­сымында пештің түтін шығу жолдары жылына екі-үш рет тазалануы қажет. Алайда, тұр­ғын­дар жылу беру маусы­мында түтін жолдарын мүлдем тазаламай сал­ғырттық танытады.

Осындай қайғылы жағ­дай­лардың алдын алу мақса­тында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар депар­таменті бастығының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 142 бұйрығына сәйкес 15 қыр­күйек пен 15 қазан аралығы «Өрт қауіпсіздігі айлығы» болып жарияланды.

Алайда бұл жұмыстар яғни, жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту шара­лары ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап жүргізіліп келеді. Бұл іс-шараларға мем­лекеттік емес өртке қарсы қызметтерін, Абылай хан атындағы жоғарғы кол­леджінің студенттері мен «Қызылорда Еріктілері» қо­ғамдық қорының еріктіле­рімен бірлесіп қызметкерлер халық арасында тұрмыстағы электр және жылыту қон­дырғыларын, жылыту пеш­терін қолдану, моржаларын тазарту жөнінде үнпарақтар таратып, үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Басқарма және қала төңі­регіндегі өрт сөндіру бөлім­дерінің қызметкер­лерімен үгіттеу-түсіндіру жұмыстары кезінде ағымдағы жылдың бүгінгі күніне дейін 15 616 тұрғын үйдің 58 831 тұр­ғынына үгіттеу-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстар барысында басты назар әлеуметтік тәуекел топтарына яғни, мүгедектер, тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардың тұрғылықты жерлері бойын­ша – 1 345 тұрғын үй ара­ланып, 2 915 ересектер мен жасөспірімдер қамтылды.

Қала төңірегіндегі ұйым қызметкерлеріне 71 рет нұсқаулық жүргізіліп, 11 063 жұмысшыға түсіндірме жұ­мыстары жүргізілді.

Бұқаралық ақпарат құрал­дарында 55 мақала, яғни телеарналарда сұхбат беру, үгіттеу-түсіндіру жұмыс­тарымен бірге БАҚ өкілде­ріне өрт қауіпсіздігі бойынша 2 брифинг өткізілді.

Ағымдағы жылы 9 қазанда «Қызылорда қалалық мүге­дек­тер қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұсынған тізім бойынша Сабалақ тұрғын ауданында тұратын тұрмысы төмен, мүгедек жандардың тұрғын үйлерінің моржала­рын тазарту және «Алау­ГазАймақ» ЖШС, «Қызылор­да волонтерлері» қоғамдық қорының еріктілері және «КазТрансГазАймақ» АҚ қыз­меткерлерінің қатысуы­мен өрт қауіпсіздігі бойынша акция ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүр­гізілді. Нәтижесінде 11 тұрғын үйдің моржасы тазаланып көмек берілді.

2019 – 2020 ж.ж. жылу беру маусымында аз қамтыл­ған, көпбалалы, тұрмыс жағ­дайы төмен отбасылар тұра­тын үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғы­ларды (датчиктерді) орнату мақсатында жергілікті бюд­жеттен 1000 дана датчик сатып алынды.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша әлеуметтік көмек алатын отбасылардың тізімі алынып, Қызылорда қаласына бөлінген 580 дат­чиктің 30 данасы Махам­бетов ауылының, 8 данасы Ақжарма ауылының тұрғын үйлеріне орнатылды. Қызыл­орда қаласы бойынша 8 қыз­меткерден құралған 2 топ күнделікті датчик орнату жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін құрылыс компа­нияларының арқасында қала­ның сол жағалауында жаңа­дан салынып жатқан мөлтек ауданның және қала төңіре­гінде 264 пәтерге табиғи газды анықтайтын қондырғы орнатылды.

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жылу беру маусымы аяқталғанға дейін өз жалғасын табатын бола­ды, — деп баяндаған Е.Сер­манов жоғарыда аталған жағдаятқа байланысты бір­қатар ұсыныстарын жеткізді.

1. Өрт санының көбеюіне байланысты үгіт-насихат жұмысын жүргізу, халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту мақсатында биль­борд­тар жасап, орнатуға, бұқаралық ақпарат құрал­дарында бейнероликтер, т.б. материалдар ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен қаражат мәселесін шешу.

2. Мектеп жасындағы ба­лалар арасында өрт кезінде дұрыс әрекет ету, өрттен абайсызда жарақаттанудың алдын алу және өрт қауіп­сіздігі саласындағы білімді жетілдіру бағытындағы жұ­мыс­тарды ұстаздармен бірге жүргізу.

3. Адам көп жиналатын нысандарда: базарлар мен сауда үйлерінде кәсіпкерлік палата өкілдері арқылы (нұс­қаулықтар, дәрістер, сухбат­тар көрсету арқылы) акция­лар өткізіп, көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу, өртке қарсы іс-шара­ларды кешенді түрде жүр­гізуді қолға алу.

4. «Тұрғын үй қызметі», «Қазтрансгазаймақ», «Су жүйесі», «Энергосервис»,  «Пәтер иелері» корпоратив­тері т.б. қызметтер тарапы­нан берілетін коммуналдық қызметтер түбіртектерінің екінші жағына өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша жадына­ма енгізу.

5. Ауылдық округ әкім­дерінің назарына: жоғарыда айтылғандай қазіргі уақытта департамент тарапынан аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасылардың үйіне көмір­қышқыл газын анықтайтын құрылғылар — датчиктер ор­нату жұмыстары жүргізілуде. Алайда шет аймақтарда орналасқан кейбір көшелер мен тұрғын үйлерді табу қиынға соғуда. Сол себепті әрбір ауылдық округ әкім­дігінен 1 маман бөлінуі қажет.

«Алаугазаймақ» ЖШС-ын қатыстыра отырып, ауылдық округтегі аз қамтылған, тұр­мысы төмен, көпбалалы от­ба­сылардың жылыту пеште­рінің моржаларына тазарту жұмысын жүргізу қажет, — деген ұсыныстарды жеткізді Е.Серманов.

Өрт қауіпсіздігін сақтау, қауіптің алдын алуда түсін­дірме жұмысын жүргізудің маңыздылығын айтқан қала әкімі, БАҚ, әлеуметтік желі­лерде тиісті мамандармен бірге түсіндірме жұмысын бірге ұйымдастыруды қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Қаюповқа тапсырды.

Электр желісіне байла­нысты орын алған Қызылөзек ауылдық округіндегі өрт оқиғасын атап өткен қала әкімі осы жағдайда ауылға маусым айында сатып алын­ған тіркемелі өрт сөндіру мотопомпасы қолданылды ма, жалпы бұл құрал тиім­ділігін көрсетіп жатыр ма? — деген мазмұндағы сауал салды Е.Сәрменовқа.

Е.Бердәулетұлы аталған өрт оқиғасы барысында мотопомпаның қолданыл­мағанын, дегенмен, өте пайдалы дүние екенін айта келіп, мотопомпаны қыстың күні сақтайтын жылы орын керектігін жеткізді.

— Қазір ашық алаңда тұр. Қыстың күні ішіне су құйып қоя алмаймыз. Сондықтан жылы бейімделген орын керек, — деп ұсыныс білдірді Е.Сәрменов, сондай-ақ ауыл­да құрылған ерікті жасақшыларды арнайы киіммен қамтамасыз ету қажеттігін ұсыныс етті.

Ауылдық округ әкімі Сәкен Нысанұлынан да өрт сөндіруге арналған техника­ның керекті уақытында пай­даланылмау себебі сұралып, тиісті шаралар орайында тапсырма жүктелді. Жалпы өрт қауіпсіздігін сақтау, қауіптің алдын алуға  бай­ланысты тапсырма алғандар аз болмады.

Орынбасарларынан бас­тап, бірқатар бөлім басшы­ларына, кент, ауыл әкім­деріне нақты тапсырмалар жүктелді.

Қала әкімі Н.Нәлібаев:

— Қалалық төтенше жағ­дайлар басқармасы басшы­сының міндетін атқарушы Ерболат Бердәулетұлына: қысқы маусым кезінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне көмірқышқыл және табиғи газды анықтайтын датчик­терді орнату жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу керек. Қауіптің алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдансын. Тұрмысы тө­мен отбасыларға кәсіпкер­лер арқылы жан-жақты көмек көрсетеміз. Басқа тұрғындар қауіпсіздік үшін аталған құрылғыны өздері орнатуы тиіс.

— Қала аумағында орна­ласқан барлық әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында заңдылыққа сәй­кес тиісті тексеру жұмыс­тары жүргізілсін. Қоғамдық орындарда (теміржол  вок­залы, автовокзал, базарлар, үлкен сауда орындары, мей­рамханаларда) қиын жағдай орын алмауы үшін өрт қауіп­сіздігінің барлығы техника­лық талаптарға сай, заңға сәйкес болуы талап етілуі тиіс.

— Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов; қалалық білім бөлімінің бас­шысы Меруерт Наушақызы; қалалық денешыныықтыру және спорт бөлімінің басшы­сының міндетін атқарушы Манас Аманбайұлы, кент және ауылдық округ әкімдері барлық нысандардың эва­куациялық  шығу есіктерінің оңай ашылуын және өрт қауіпсіздігін  насихаттайтын жадынамалардың көпшілікке көрнекті жерде ілінуін қамта­масыз етсін. Бұл жұмыстар апта соңына дейін орында­луын басшылар қадағалауы тиіс. Қала аумағында орна­ласқан білім, мәдениет және спорт нысандарындағы ал­ғаш­қы өрт сөндіру құрал­дарының жарамдылығы қатаң бақылауға алынсын. Іске жарамдылығы маман­дармен бірге тексеріліп, ақ­па­раттандыру жұмысы бірге жүргізілсін. Келеңсіз оқиға­лардың алдын алу үшін бар­лық техникалық талаптардың орындалуын мамандар қатаң бақылауға алуы тиіс.

Осы орайда қала әкімінің орынбасары Мира Жомарт­қызы тиісті шаралардың орын­далуын бақылауға алсын.

— Кент және ауылдық ок­руг әкімдері  тұрғын үйлерде көмірқышқыл газымен улану факторын болдырмау мақса­тында төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізсін.

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Құлахметұлы тиісті жұмыстарды ұйымдастыру сапалы және дер кезінде орындалуын қамтамасыз етсін,  — деп мығымдады қала әкімі.

Иә, от әрдайым тек игілік­ке ғана жансын. Мәжілісте талқыланған мәселенің мәні­сі де осы.

.АЙМАҒАНБЕТОВА

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here