Игерілмеген жер учаскелерін анықтады

0
15

Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында прокуратура органдарымен жер заңнамала­ры­ның сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесі қаралды.

Жиында облыс прокуроры Н.Бижанов игерілмеген жер учаскелерін қайтару мен айналымға тарту, салықтың төленуі, жерге кезектілік, оны табыстау мен бөлшектеужәне қаланың Бас жоспары бойынша жер заңнама­ларын бұзушылықтарды атап өтті.

Прокуратурамен 1074 игерілмеген жер учаскелері анықталған. Оның 408-і кәсіп­керлік, қалғаны ауыл шаруашылық мақсат­тағы жерлер.

Жергілікті әкімдермен игерілгені жөнінде хабарланған жайылымдық жерге қарсы тексеруде оның 20%-да мал басы тіркелмегені анықталды.

Уәкілетті инспекциямен игерілмеген жер­лерге уақтылы тексерулердің жүргізілмеуінен бірнеше жер учаскесі басқа тұлғаларға сатылып, нысаналы мақсаттары тұрғын үй салуға ауыстырылған.

Қаланың Бас жоспарының талаптары сақталмай табысталған жерлер прокурордың наразылығымен кері қайтарылды.

Отырыста Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы және қалалық әкімдік басшыларының есептері тыңдалып, оларға тиісті міндеттер жүктелді.

Мәжіліс соңында облыс прокурорының Президенттің Жолдауын және жер саласын­дағы жүйелі заңсыздықтарды болдырмаудың іс-шаралар жоспарын бекітіп, жұмысшы тобын құрып, тоқсан сайын есептерін тыңдау туралы ұсынысы облыс әкімінен қолдау тапты.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here