Қызылорда қаласы әкімі Н.НӘЛІБАЕВ: Көп балалы отбасылар мен балалар проблемасы ұдайы назарда

0
17

Қызылорда қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасы Н.Нәлібаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы саяси кеңесі Бюросы отырысы болып өтті.

Күн тәртібі бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Рахметова, қалалық білім бөлі­мінің басшысы М.Әбдіқалықова, қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депу­таттық фракциясы мүшелерінің биылғы жылдың бірінші жарты жылдығы қызмет­терін бағалау, филиалда қоғамдық қабыл­дау қызметінің биылғы 9 айдағы жұмыс қорытындылары, екі комиссия құрамын жаңадан бекіту туралы филиал төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов хабарлама жасады.

Қала әкімінің мәлімдеуінше қала экономикасының дамуы, әлеуетінің артуы арқасында қалалықтар тұрмысы жақсарып келеді. Қала құрылысы инфрақұрылымы, білім беру салаларына салынған инвестиция, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жобаларды қаржыландыру, несиелендіру нәтижесінде қала бюджеті де артып келеді.

Дегенмен, қалалықтардың әл-ауқатын жақсарту, белгілі салалар бойынша көрсе­тілетін қызмет сапасын жақсарту бағытында әлде де пысықтай түсетін тұстар да баршылық.

Соның бірі көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы түрлері, демеушілер көмегі. Әкім айтуында, әрине жәрдемақы мәселесінде барлығы да заң шеңберінде шешіледі. Бүгінгі күнге қала бойынша 9 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қаралған 6-7 млрд. теңге қаржының 5,9 млрд. теңгесі 14654 отбасына төленген. Бұл тарапта келеңсіздіктер де болмай қалып жатқан жоқ. Мәселен, нақты табысын жасырып, үкіметті алдап, жәрдемақы алған 414 отбасынан 55,9 млн. теңге кері қайтарылуда.

Сондай-ақ келер жылдан бастап жәр­демақы беру жүйесіне өзгерістер енгізілуде.

Күн тәртібіндегі осы мәселе бойын­ша баяндама жасаған Г.Рахметоваға бюро мүшелерінің сұрақтарына да жауап беруге тура келді.

Білім беру саласы, әсіресе мектеп­тердегі асхана мәселесі де бүгінгі күні көп талқыланатын тақырып екені анық. Қала әкімі Н.Нәлібаев бұл тарапта да сала басшылығынан сұраныс қатаң екенін ескертті.

Қаладағы мектеп асханаларының жұмысына қатысты жүргізілген мони­торинг бойынша атқарылған жұмыстар бойынша қалалық білім беру бөлімінің басшысы М.Әбдіқалықова баяндама жасады.

Бүгінгі күні қалалық білім бөліміне қарасты 54 жалпы білім беретін мек­тептердің барлығында 100 пайыз асханамен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 6 мектептің асханасы №15,112,120,171,175,197 бейімделген орындарда, яғни типтік жобада салын­баған мектеп ғимараттарында орналас­қан. 21 мектептің асханасы күрделі жөндеуді қажет етеді. (№7,9, 10,11, 12,23, 43,136,138,1 43,173,176, 189,198,211, 212,217,222,233,235,253).

Атап айтқанда, асханаларының есік-терезелері, су, жарық жүйелері, еден, қабырға жаппаларының тозығы жеткен. Сондай-ақ, асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтауға арнайы себізгі бөлмелері мен ішкі санитариялық тораптарын қалпына келтіруді қажет етеді.

Осы ретте бөлім тарапынан аталған мектептерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Қорытындысымен тиісті мекемелерге бюджеттік өтінімдер ұсы­нылады. 5 мектептің асханасы күрделі жөндеуден өткізілген.

Жалпы, мектеп асханалары мен буфеттерін жалға алуға байланысты үш жақты келісім-шарттар жасалып, қазіргі уақытта қала мектептерінде 20 жеке кәсіпкер жұмыс жасауда.

2019-2020 оқу жылынан бастап Қазақ тағамтану академиясы Ұлттық салауатты тағамтану орталығымен әзірленген «Мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттары» әдістемелік ұсынысына сәйкес жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тағамын ұйымдастыруға арналған 4 апталық ас мәзірі енгізілді. (Әр балаға күнделікті берілетін ыстық тамақтың бағасы 500 теңге).

2019-2020 оқу жылынан бастап «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңіл­дікпен тамақтандыруды ұсыну» мемле­кеттік көрсетілетін қызмет стандар­тының негізінде тамаққа өтініш­тер»mektep.sіtcen.kz» порталы арқылы қабылданды.

Электронды түрде құжат қабылдау біріншіден уақытты үнемдеуге, екіншіден артық құжат пен қағазбастылыққа жол бермейді.

Бүгінгі күні мектеп асханаларынан тамақ ішетін балалар саны – 5890 құрайды. Оның ішінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасыларынан шыққан балалар — 4193, жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасыларынан шыққан балалар — 1297, отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балалар  191, білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар саны — 209 болса, төтен­ше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар жоқ.

2019-2020 оқу жылында білім беру ұйымдарында тегін тамақты ұйымдас­тыру және тамақтандыру сапасын мониторинг жүргізу жөнінде комиссия құрылған.

Комиссия құрамына қалалық білім бөлімінен, облыстық білім басқарма­сының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінен, қалалық ата-аналар комитетінен, облыстық жастар денсаулығы орталығынан жауапты мамандар енгізілген.

Аталған комиссия мектеп асхана­ларында санитарлық қағидаларға сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыс­тарын және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығының 7-тарау, 119 тармақшасында көрсетілген тағамдардың асханада сатылмауын үздіксіз бақылауда ұстайды. Атап айт­қанда, тамақтану режимінің сақталуы, азық-түліктерді сапалы пайдалану және олардың сақталуы, тамақтанудың табиғи нормасының сақталуы, асты сапалы дайындау және күн сайынғы дайын­далған астың мәзірге сәйкес болуы, тоңазытқыштар мен ас қоймаларының талапқа сай болуы, ас мәзірі блогының жай-күйі, ыдыс-аяқ,құрал-саймандары­ның дұрыс жуылуы, ас мәзірі блогы қыз­меткерлерінің медициналық тексеруден өтуі, білім алушылар тамақтанатын ыдыс-аяқтардың талапқа сай болуы (сынбауы т.б), қатаң бақылауда.

Сонымен қатар, барлық білім беру ұйымдарындағы асхананы жалға алған кәсіпкерлер мен мектеп әкімшілігі арасындағы сатуға тиым салынған өнімдердің сатылмауы бойынша келісім шарт жасалып, жұмыс жасауда.

Жалпы, білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында орналасқан асхана­лардың жұмысы құзырлы мекемелермен қатар үкіметтік емес ұйымдардың да үнемі бақылауында.

Осы жайды баяндаған сала басшысы қала әкіміне оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бағытындағы «аз қамтылған, көп балалы отбасыларда тәрбиеленетін балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша көптеген сұраныс түсуде.

Биыл 5890 бала тегін тамақ ішсе, біздің зерттеуімізше 2020 жылы олардың саны жобамен 1976-ға артып, 7866 баланы құрайды деп күтілуде. Осыған орай, балаларды тегін тамақпен қамту үшін қосымша 183 млн. теңге қаражат қажеттігі туындауда, — деп өз ұсынысын айтты.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here