ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫНБЫЗ БА?..

0
11

1484 ОТБАСЫНА КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫН АНЫҚТАЙТЫН ДАТЧИК ОРНАТЫЛУДА

Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төр­ағалығымен облыстық төтенше жағдай­лардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде 2019-2020 жылдардағы су тасқынының алдын алу шаралары,  жылу маусымы кезінде көмір-қышқыл газына улану жағдайы және жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігі мен облыс аумағындағы 2019-2020 жылдар­дағы қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігіне дайындық шаралары турасында айтылды.

Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында орнала­суына байланысты қыс-көктем айла­рын­дағы мұз қату және сең жүру кезеңдерінде елді мекендерді су басу қаупі төнеді. Осыған сәйкес, жылма-жыл су тасқынының алдын алу шара­лары жүргізілуде. Қорғаныс бөгеттерін жөндеу жұмыстары бойынша өзен бойы қауіпті деген 26 учаскенің ұзын­дығы 18,5 шақырымды құрайтын 21 учаскесінде жұмыстары аяқталған.  Қалған 5 учаскесінде жұмыстар әлі де жалғасуда. Жөндеу жұмыстары 15-ші қарашада аяқталады  деп жоспарлан­ған. Жалпы өзен бойы қорғаныс бөгет­терінің тұсы қауіпті 56 су басу аймақ­тарына бөлініп, оған 126 жауапты мекемелер бекітілген. Техника саны 411 бірлікті және 1 359 адам күшін құрайды.

«Жыл сайын су тасқынының алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылда­нып, уақтылы тапсырмалар беріліп, мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында қорғаныс бөгеттерінің жағдай­ларына зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жөндеу, күшейту және қалпына келтіру жұмыстары жасалып келеді. Биылғы жылы да облыстың барлық аудан­дарында осындай алдын ала дайын­дық шараларын уақтылы, әрі сапа­лы жүргізіп, облыс аумағындағы Сырдария өзені арнасынан мол суды төтенше оқиғасыз өткізуіміз қажет»- деді Қуанышбек Ысқақов.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйен­сек, 2018-2019 жылдардың қысқы мезгілінде Қызылорда-Жезқазған автожолының бойында көліктер мен жолаушылардың қар құрсауында қалуына байланысты 8 рет авариялық құтқару жұмыстары жүргізілген.

Облыс әкімі Қ.Ысқақов «Қызыл­орда-Жезқазған республикалық маңыз­дағы жол екендігі белгілі, оны күтіп ұстаушы мекеме күнделікті ауа-райы болжамын ескеріп, қауіпті деген жол учаскелеріне қар тазалайтын техника­ларын жақын орналас­тырулары керек. Күрделі метеороло­гия­лық жағдайларда жол бойы мониторинг жұмыстары жүргізілуі тиіс»- деді аймақ басшысы.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here