КӘСІПОДАҚ МЕРЕЙТОЙДЫ АТАП ӨТУДЕ

0
12

Биылғы жыл «Петро­Қазақстан Құмкөл Ресор­сиз» АҚ-ның кәсіподақ ұйымы үшін 30 жылдық мерейтой белгісімен өтуде. Бұл айтулы күнге көптеген іс-шаралар арналып отыр, олар:  экскурсиялар, турнир­лер, конкурстар, акциялар және басқа да игі шаралар.

Осы аталған салтанаттың басты оқиғасы ұжым өткізген мерейтойлық жиналыс болды, ол  Бас офисте болып өтті. Оған өмірі мен қызметі кәсіподақ жұмысымен тығыз байланыста болған әр алуан ұрпақ өкілдері жиналды.

Салтанатты жиынның қаты­сушыларын алғашқы болып күрделі құрылыс және сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президент Болат Елеуұлы Көшербаев былайша құттық­тады: — «Осы жылдар ішінде кәсіподақ комитеті компания жұмыскерлерінің құқықтары мен мүдделерінің сенімді қорғаны болды. Кәсіподақ комитетінің бүгінге жалғасқан бүкіл тарихы – бұл жұмыскерлер ұрпақтары­ның көптеген ұрпақтары атқар­ған, компания басшылығы мен еңбек ұжымының жүйелі түрде қалыптасқан өзара іс-қимылы­ның нәтижесі деген сөз. Компа­ния басшылығының атынан кәсіподақ ардагерлеріне алғыс лебізін білдіремін. Сіздерді Қазақстан кәсіподақтары күні­мен және 30 жылдық мерейтой­мен құттықтаймын, кәсіподақ белсенділеріне кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен кепілдіктерін қорғау қызметінде жемісті еңбек етіп, кәсіподақ мүшелерінің саны арта берсін дегім келеді, кәсіподақтың барлық мүшелеріне  – мықты денсаулық, табысты жұмыс және отбасыларына ырыс-береке тілеймін!».

Өз кезегінде құттықтауға толы жылы лебіздерді сондай-ақ іс-шараға арнайы шақырыл­ған қадірлі меймандар — «ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ» «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төр­ағасы Сұлтан Қалиев, «Қызыл­орда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ­тар бірлестігінің Төрағасы Серік Сермағамбетов, «Қазмұнайгаз­кәсіподақ» Қызылорда облыс­тық филиалының төрайымы Алтынхан Ысқақова арнады.

Өзінің құттықтау лебізін білдіре келе «ҚАЗМҰНАЙГАЗ­КӘСІПОДАҚ» «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы Сұлтан Қалиев іс-шараға қатысушыларды Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойымен және Қазақстан кәсіподақтары күні­мен құттықтап, компания бас­шылығына әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын ұжым­дық-шарттық реттеу жүйесін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін компания басшылығының атына алғыс айтты. Құттықтау лебізінің соңында ол компа­нияның басшылығына арнайы алғыс хат табыс етті. Сол сияқты кәсіподақ қозғалы­сының өркендеуіне қосқан айрықша үлесі, мұнай саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында атқарып келе жатқан жемісті жұмысы үшін кәсіподақ коми­тетінің басшысы Бақыт Мұқа­шева Алғыс хатпен атап өтілді.

Кәсіподақ комитетінің төрайымы Бақыт Мұқашева жылы лебізді құттықтаулары үшін қонақтарға өз риза­шылығын жеткізді. Өз сөзінде ол бүгінгі қоғамдағы кәсіп­одақтың атқарып келе жатқан роліне кеңінен тоқталды. «Осыдан тура 30 жыл бұрын 1989 жылы шілде айында «Құмкөлмұнай» МГӨБ-те алғаш­қы кәсіподақ конференциясы өткізіліп, біріккен кәсіподақ ұйымы құрылды. — деді Бақыт Мұқашева. – Осы өткен жылдар аралығында кәсіподақ қиын­дығы мен қызығы мол даңқты жолды басып өтті. Кәсіподақ ұйымымыздың барлық мүше­лерін бүгінгі мерейтоймен қызу құттықтаймын! Біздің алды­мызда компанияның өсіп-өркендеуіне бағытталған жалпы мәселелерді шешу міндеті тұр.».

Одан әрі салтанатты рәсім компанияның кәсіподақ қыз­метіне сүбелі үлес қосқан ардагерлерді қошеметтеп, құрмет көрсету шарасына ұласты.

«ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІПОДАҚ» «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төр­ағасы Сұлтан Қалиев салта­натты жағдайда «Петро­Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрағасы осы лауа­зымда 15 жылдан астам жемісті қызмет атқарған Елеусін Дүйсеновке ҚР Энер­гетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін тапсырды.    

«ПетроҚазақстанның еңбек ардагері» медальдарымен және естелік сыйлықтармен Өнді­рістік-техникалық қамтамасыз ету және жиынтықтау басқар­масы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрағасы Қатарбаев Марат, Автомобиль жолдары басқармасы бөлім­шесі кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрайымы Бижанова Жанна, Бас офистің кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрағасы Бекназаров Жарылқасын, МҰНАЙ САУДА сауда үйінің бұрынғы төрағасы Әміров Мақсұт, Автомобиль жолдары басқармасы бөлімшесінің бұрынғы төрайымы Мәлібекова Ирина аталып өтілді.

Кәсіподақ комитетінің мақтанышы — бұл, қашанда, оның белсенділері, цехкомдар болып қала береді. Және де осы салтанатты жиналыс олардың атқарған белсенді іс-қызметіне айтар алғыстың тамаша мүм­кіндігі десе де болғандай еді. 40-тан астам мүшенің кәсіподақ саласы бойынша сіңірген еңбектері әр алуан мара­паттармен лайықты түрде аталып өтті.

ҚР Кәсіподағы Күні мерекесіне орай «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлес­тігінің атынан кәсіподақ коми­тетінің бірқатар мүшелері «Қазақстан мұнайының 120 жылдығы» мерейтойлық меда­лімен, «Қазмұнайгазкәсіп­одағының» «Салалық  кәсіп­одақ­қа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Құрмет грамо­тасымен, Алғыс хатымен, Қызылорда кәсіподақтары бірлестігінің Құрмет гра­мотасымен, «Қазмұнай­газ­кәсіподағы» облыстық филиа­лының Алғыс Хатымен мара­патталды.

Салтанатты іс-шара фото­сессиямен аяқталды.

Жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімі

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here