Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру баршаға ортақ

0
30

Жолдау – еліміздің өркендеуінің алғышарты, алдағы дамуының бағдарлы құжаты.

Биыл жаңа президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жария етті. Мемлекет басшысы Жолдауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын» толыққанды жүзеге асыруды басты назарда ұстау қажеттігін нақтылады.  

Маңызды құжатта заман талабына сай тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңірлер – қуатты ел деп аталатын негізгі 5 бағыт айқындалды. Азаматтардың арман-мақсатын, талап-тілегін ескере отырып алдағы күнге бағдар беруді көздеген стратегиялық құжатта қоғам қауіпсіздігін нығайту мәселесі алдыңғы орынға қойылған. Соның ішінде қарапайым азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғаудың кепілдігін нығайту мәселесі ерекше назарға алынған.

Сондай-ақ, Жолдауда отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау, экономиканы дамыту, тіл мәселесі, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы мен әйелдерге, әсіресе балаларға қатысты тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қатысты жазалау шараларын күшейту, сыбайлас жемқорлықпен күресу, сот шешімдерінің сапасын арттыру мәселелері көтерілді. Шағын және орта бизнеске қолдау ретінде Президент алдағы 3 жылда табысқа салынатын салықты тоқтатып, тексерістерге тиым салу арқылы, кәсіпкердің құқығы заңмен ерекше қорғалатынын айтып өтті.

Жолдаудың екінші бөлімі «Азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деп аталып, онда осы салаға қатысты өзекті мәселелер айқындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы» деп атап көрсетті.

Айтып өту керек, Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов 2019 жылды «Сот төрелігін жүзеге асыру бойынша сапа жылы» деп жариялап, сот шешімдеріне қойылатын талапты қатайтып, судьялардан өз шешімдерін халыққа түсінікті, ұғынықты етіп жазуды, сонымен қатар, әрбір судья өз шешімін қарапайым түрде түсіндіруге талап қойғаны баршамызға белгілі. Аталмыш жолдауда да сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажеттілігі көрсетілген. Судья мен қарапайым азаматтар арасында кедергісіз диалогтың орнауы тараптардың құқықтық сауатының артуына, сотқа деген сенімнің нығаюына, даукестіктің төмендеуіне айтарлықтай әсерін тигізіп отырғанын айта кеткеніміз жөн.

Жолдауда әр салаға тиісті тапсырмалар жүктелді, ал жұмыла орындау баршамызға міндет.

Зәуре Жарылқасынова

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here