Фронт-офистердің артықшылығы

0
32

Сотқа келушілер үшін маңызды жобалардың біріне жаппай ашылып жатқан фронт-офистер жатады. Бүгінгі күні 94 фронт-офис ашылды.

Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аудандық, сондай-ақ Байқоңыр қалалық сотында фронт-офистер ашылып, тиімді жұмыс істеуде.

Фронт-офистер кеңсе техникасымен жабдықталып, инфрақұрылым халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары ескеріле отырып дамытылған.Фронт-офистер сұрақтардың бағыты бойынша шектелмейді. Фронт-офистер бөлімшелердің бүтіндей бір кешенін қамтиды және азаматтарды кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша қабылдайды. Фойеде «бір терезе» жұмыс істейді. Осының өзі соттарға келушілер үшін қолайлы болып отыр. Азаматтарды әуре-сарсаңға салмау және оларға жедел қызмет көрсету үшін сот қызметкері келушілерді күтіп алады да оларды фронт-офистің тиісті бөліміне бағыттап жібереді. Міне осылайша, соттарда процеске келуші барлық қатысушыларға олар өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауы үшін қолайлы жағдай туғызылуда.

Сонымен қатар фронт-офистерде орналасқан моноблоктардан сот отырыстарының кестелерін және соттың сайтын көретін мүмкіндік бар. Қабырғаларға сот отырыстарының кестелері мен сотқа берілетін арыздардың үлгілері орналастырылған. Фронт-офисте азаматқа сотқа беретін арыздардың тәртібі туралы ақпарат алуға, медиатормен және адвокатпен кеңесе отырып, құқықтық мәселелердің шешімін табуға, сотта қаралып жатқан өтініштердің мән-жайы туралы білуге мүмкіндіктер жасалған.

Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының жетекші маманы Қ.Сақтағанова

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here