Тағайындау

0
46

Облыс әкімінің өкімімен Шаменов Бауыржан Серікұлы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.Б. Шаменов 1981 жылы туған. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Құқық және нарық академиясын бітірген.Еңбек жолын «Рух» заң компаниясының заңгері ретінде бастаған.Әр жылдары Қызылорда облысының қазынашылық департаменті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында жауапты қызметтер атқарған.

2008-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болған.

2013 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Сүлейменов Ерқасым Жайбергенұлы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.Е. Сүлейменов 1963 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қазақстандық экономика және құқық институтын бітірген.Еңбек жолын «Қызылордаремводстрой» трестінің жұмысшысы ретінде бастаған.Әр жылдары Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2017 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде бөлім басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Қалжанов Саламат Сағынайұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.С. Қалжанов 1964 жылы туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.Еңбек жолын Арал ауданында Орта кәсіптік техникалық училищесінде мастер болып бастаған.

2007-2008 жылдары Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.

2008-2018 жылдары Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық бөлімшесін басқарған.

2018 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here