«Көңілі ауған шығар»: Жүрсін Ерман 82 жасында үйленген Нүсіпжанов туралы пікір білдірді

0
366

Айтыс жанашыры Жүрсін Ерман 82 жасында отбасын құрған әнші Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты өз ойын айтты. Ол өнер иесінің бұл маңызды қадамға қоғамда шу туатынын біле тұра барғанын айтты деп жазады «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Танымал ақын өзінен 45 жас кіші журналисті жар еткен Нүсіпжановты кінәләудан аулақ екенін алға тартты.

Жүрсін Ерман бұл жұптың қосылуына дүние мен байлықтың еш қатысы жоқ деп есептейді.

«Нұрғали Нүсіпжановты елдің барлығы желіде сөз етіп жатыр. Неге бұл жағдайға Нұрғалидің көзімен неге қарамаймыз? Мәселе дүниеде емес. Мәселе байлықта емес. Көңілі ауған шығар, жақсы көрген шығар. Содан кейін, Нұрғали бұл қадамға арты үлкен әңгімеге айналарын біле тұра барды. Оны неге кінәләуымыз керек? Ұлы мәртебелі махаббат жасасын» , — деп қысқа қайырды ол.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here