Дау тараптары жанжалды шешудің тиімді тәсілін таңдады

0
11

Арал аудандық сотында талап қоюшы А.-ның жауапкер Д.-дан көлік салығы бойынша қалыптасқан қарызын өндіру немесе көлігін қайтарып алып беруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы 2015 жылы «Toyota Carina E» маркалы автокөлігін жауапкерге сатқан, алайда сатып алушы оны өз атына рәсімдеп алмағандықтан, көлік салығы бұрыңғысынша көлік иесінің атына есептелініп, салық берешегі 55095 теңгені құраған.

Сотта тараптар кәсіби медиатормен бекітілген дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісім ұсынды.

Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер Д. салық бойынша қалыптасқан қарызды төлеуге міндеттеніп, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, қойып отырған талабынан бас тартты.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here