Ержан Байтілес Президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
«Президенттің Баспасөз қызмет тағы бір білікті кадрмен толықты. Журналистиканың қазанында қайнаған, «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді іргелі басылымдарда жұмыс істеп, қазіргі қалам ұстаған қайраткер ағалардың тәлімін алған Ержан Байтілес бүгіннен бастап Президенттің Баспасөз қызметіне сектор меңгерушісі болып орналасты»,-деп жазды. Берік Уәли.