Қазақстандық мұғалімдер мерзімінен бұрын зейнетке шыға алады ма?

0
176

Бұған дейін елімізде 30 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдерді мерзімінен бұрын зейнетке шығару туралы ұсыныс тасталған еді. Алайда білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, мұғалімдердің зейнет жасын төмендету туралы ұсыныс үкіметте қолдау таппады.

Бүгін мәжілісте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қоғамның бірқатар ұсынысының қолдау таппағанын айтты. 

«Еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетке шығу, сауықтыруға екі есе жәрдемақы енгізу,  мұғалімдерге ипотека бойынша жеңілдік беру, доцент немесе профессор атақтары үшін үстемақы қосу, педагог мамандығы бойынша оқып жатқандардың шәкіртақысын арттыру тәрізді қоғам ұсыныстары мүдделі мемлекеттік органдарда мақұлданбады. Оған бюджетке шамадан тыс салмақ түсетіні себеп болды», — дейді Аймағамбетов. 

Сонымен қатар білім министрі бүгінгі таңда тек мұғалімдер емес, жалпы қазақстандықтар зейнетке ерте шыға алатынын атап өтті.

«Бүгінде бізде зейнетақы жүйесі қалыптасқан және тиісті жинақ жиналған жағдайда, мерзімінен бұрын зейнетке шығуға мүмкіндік береді. Алайда біреулерге 20, біреулерге 35 жылдан кейін шартты түрде зейнетке шығу мүмкіндігін беру турал айтар болсақ, бұған қатысты пікірлер де қарама-қайшы. Қазіргі уақытта аталған норма заңда қарастырылмаған», — дейді ол. 

Айта кетсек, сонымен қатар бүгін мәжіліс қабырғасында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысын қаншалықты арттыру жоспарланып отырғанын айтты

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here