Әзілкеш Нұрболхан Шарапов қалыңдығын ұзатып әкелді

0
268

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов қалыңдығын ұзатып әкелді.

Өзінің ерекше әзілдерімен халықтың жүрегінен орын алған өнер иесі қалыңдығының ұзату тойында түскен суреттерін желідегі парақшасында жариялап, жаңалығымен бөліскен. Ол ұнатқан қызын 300 шақырым жерге ұзатып әкелгенін айтып, жігіт жолдасқа да қалжыңмен тисіп үлгерді.

«Қызды ұзаттық 300 километрге. Жiгiт жолдас өзiнiң қайда жұмыс жасайтынын көрсетiп отыр-ау шамасы. Ақмаржан қыз ұзату. Нұрболхан — жылдың үздік күйеужігіті. Аллаға шүкір», — дейді Нұрболхан Шарапов. 

Белгілі болғандай әзілкештің таңдауы Ақмаржан есімді орамалды аруға түскен. Мұны көрген желідегілер де өнер иесін құттықтап, әзілкештің келіншегін талқыға салды. Осылаша жұрт ойын ортаға салып, пікірлерін жаудырған. 

«Бақытты бол бауырым! Үлгілі отбасылардың қатарынан бол», «Босағаңа балдай батып судай сіңіп, құт берекесімен енсін», «Сіз үшін қуаныштымын, қондырған құсыңыз құтты болсын», «Махаббаттарың баянды болсын», «Аға, әйеліңіз өте сұлу», «Өмірдің ащысы мен тұщысына қатар шыдап, бір жастықта картайыңыздар. Салихалы, саналы ұрпақ тәрбиелеп, үлгілі мұсылман отбасы болуларыңызды тілеймін» — деп пікір білдірді жұрт. 

stan.kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here