Білім министрі қанша жалақы алатынын айтты

0
56

Жуырда ғана қаржы және білім министрі болып тағайындалған Асхат Аймағамбетовтың бір айлық жалақысы 915 мың теңге шамасын құрайды екен. 

Бұл туралы Аймағамбетов өзінің Tengrinews.kz сайты тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Сонымен қатар, ол тілшінің «Біздің елде жоғарғы лауазым туысқандық тарапынан беріледі дейді. Өзіңіз туралы осындай мәліметтер естігенсіз бе?» деген сұрағына:

— Менің бұл деңгейге дейін қалай жеткенімді барлығы көрді. Мен өз мансап жолымды айтарлықтай ерте бастағанмын. 21 жасымда мәслихат депутаты атандым. Мен қарапайым, көпбалалы отбасынанмын. Біз ешкімнен көмек сұрамай, өз күшімізбен еңбектенуге дағдыланып өстік ,- деп жауап берді.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here