Ұжымдық шарт – жұмыскерлер құқығын қорғау құралы

0
702

Ұжымдық шарт жұмыскерлердің құқықтарын жүзеге асыруда маңызды құрал болып табылатындықтан, оны әрбір жұмыскердің жете білгені дұрыс.

Ұжымдық шарт – кәсіпорындар мен мекемелердегі әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жұмысшылар өкілдері мен жұмыс беруші арасында жасалған жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт.

Ұжымдық шарт тараптар айқындаған мерзімге жасалады және қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады.

Кез келген тарап ұжымдық шарттың жобасын дайындау және жасасу бастамашысы бола алады.

Ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі ҚР Еңбек кодексінің (ары қарай-Кодекс) 156,157, 158 баптарында белгіленген.

Аталған шарт тең құқықтық, әлеуметтік серіктестік, өзара сенім мен сыйластық, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің орындалуын сақтау, мәселелерді талдаудағы таңдау құқығы ұжым жұмыскерлерінің Ұжымдық шартты жасауға қатысуы, өндірістік және қаржылай қамтамасыз етудегі шынайы мүмкіндіктерді ескеру қағидалары негізінде жасалады.

Атап айтқанда, ұжымдық шартта жұмыскерді әлеуметтік қорғау мақсатында жұмыс беруші өз қаржылық жай-күйіне қарай, бюджетіндегі қаржыны мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру, сауықтыру іс-шараларына бөле алады.

Ұжымдық шартқа сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерге нәресте дүниеге келгенде, жұмыскермен неке тіркелгенде және отбасында мүмкіндігі шекетулі балалары бар жұмыскерлерге жылына бір рет жәрдемақы төлеу секілді әлеуметтік жеңілдіктерді қарастырады.

Сонымен қатар, ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін еңбеккерлерге еңбекақы төлеу жүйесі, жалақы, жәрдемақы және қосымша төлемдердің тарифтік мөлшері және жұмыс уақыты мен демалыс уақытының, еңбек демалысының ұзақтығы туралы міндетті түрде қарасытырлуы қажет.

Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай ішінде мониторинг үшiн еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға ұсынуға мiндеттi.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 97 бабы бойынша тараптар өкілдерінің ұжымдық шартты бекіту, өзгерту, қосымша енгізу бойынша келіссөздерге қатысудан бас тартуы немесе ұжымдық шарт жасасудан негізсіз бас тартуы, келіссөз өткізу мерзімін бұзуы және тиісті комиссия жұмысын қамтамасыз етпеуі, келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарт ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты ұсынбауы, сондай-ақ, оның шарттарын бұзуы немесе орындамауы үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қаралған.

Облыстық еңбек саласындағы

бақылау басқармасының бас маманы-мемлекеттік

еңбек инспекторы Б. Тәңірбергенұлы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here